Жаңалықтар тізбегі
0

Үкімет басшысы XII Kazenergy Еуразиялық форумының ашылу шарасына қатысты

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2019 21:15 primeminister.kz
Форумның салтанатты ашылу рәсімінде Асқар Мамин Қазақстанның дәстүрлі қуат көздерінің тиімділігі мен өнімділігін арттыратынын, сонымен қатар, жаңартылатын энергия көздері саласындағы аймақтық көшбасшы ретінде өзінің позициясын жоспарлы түрде нығайтатынын атап өтті.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин XII Kazenergy Еуразиялық форумының "Энергия көздерінің болашағы: инновациялық даму" пленарлық отырысына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет басшысы "Digital energy" көрмесін аралап, Исландияның экс-Президенті және "Арктикалық шеңбер" халықаралық форумының төрағасы О. Р. Гримссонмен кездесті. Олар Алматы облысында геотермалды энергетиканы дамыту перспективасын талқылады. Сондай-ақ, Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) Бас хатшысы М.С.Баркиндомен кездесуде Қазақстанның ОПЕК-пен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2019 21:15

Форумның салтанатты ашылу рәсімінде Асқар Мамин Қазақстанның дәстүрлі қуат көздерінің тиімділігі мен өнімділігін арттыратынын, сонымен қатар, жаңартылатын энергия көздері саласындағы аймақтық көшбасшы ретінде өзінің позициясын жоспарлы түрде нығайтатынын атап өтті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2019 21:15

"2017 жылы Астанада Экспо көрмесін өткізген уақыттан бері Қазақстан экономикаға кешенді «жасыл» шараларды енгізуде елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінде біз 3000-нан астам мегаваттқа дейін жаңартылатын энергия көздері қоржынын кеңейттік. 2019 жылдың алғашқы 6 айының өзінде сектордағы өндіріс 31,7%-ға ұлғайтылды", — деді Премьер-министр.

Үкімет басшысы Қазақстан жылына 90 млн-ға жуық тонна мұнай өндіретінін, бұл елімізді 15 ірі әлемдік өндірушілердің қатарына қосатынын атап өтті.

"Біз 2014 жылы 14,9 млн мұнай өңдесек, 2019 жылы 17,2 млн тонна мұнай өңдеуді жоспарлап отырмыз. Бұл бізге бірқатар мұнай өнімдеріне деген ішкі қажеттіліктерімізді толығымен жабуға мүмкіндік береді. Осы жылы табиғи газ өндіру 55 млрд текше метрден асады деп күтілуде. Қазіргі қарқын сақталған жағдайда біз 2027 жылға қарай 80 млрд текше метрден астам өндіреміз", — деді Мамин.

Премьер-Министр іске асыру және әзірлеу сатыларындағы қолда бар жобалар қоржыны Қазақстанды әлемдегі полиэтилен мен полипропиленнің ірі экспорттаушысына айналдыруға арналғанын атап өтті.

"Газ өндіретін жабдыққа сұраныстың артуы газ-химия машинасын жасауда елеулі жетістіктерге әкелді. 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін саладағы өндіріс көлемі шамамен 40%-ға - 39,4 млрд-тан 54,8 млрд теңгеге дейін өсті, бұл бүкіл экономика үшін әртараптандырудың өсіп келе жатқан әлеуетін көрсетеді", — деп атап өтті Үкімет басшысы.

Kazenergy Еуразиялық форумы өзінің он жылдан астам тарихында аймақтағы энергетикалық сектордың басты халықаралық шарасына айналды. Форум энергетикалық нарыққа қатысушылар арасында тиімді диалогты қамтамасыз етуге, энергетикалық жүйені дамытудың өзекті үрдістері мен бағыттарын қарастыруға бағытталған. Аталған шара аясында алға қойылған перспективалар мен стратегиялық бастамалар еліміздің мұнай-газ және энергетикалық кешенінің серпінді және тұрақты дамуына қолайлы жағдайлар жасайды.

Жыл сайын Форумға әлемнің 50-ден астам елінен 2500-ден астам қатысушы, оның ішінде 30-дан астам халықаралық ұйымдар, сондай-ақ 300-ге жуық ірі энергетикалық компаниялар келеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: