Жаңалықтар тізбегі
0

Мешкей құрылым – ҚазАгро холдингі "жіліктеліп" жатыр

ar-ay.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2019 21:38 ar-ay.kz
- Егер бұрын холдинг құрамында шамамен 7 еншілес компания болса, қазір олардың үшеуін жабу жоспарланған: екеуі жабылады, ал біреуі - "ҚазАгроГарант" АКК-пен біріктіріледі, өйткені олардың бір-бірін қайталайтын функциялары бар - министр.

Сенаттың жалпы отырысында депутаттар агроөнеркәсіпке қатысты заң жобасын талқылау кезінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтан "ҚазАгро" ұлттық холдингіне қатысты көтерілген мәселелерді жою үшін не істеліп жатқанын сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

- "ҚазАгроға" бөлінген ақшаға келетін болсақ, иә, жасыратыны жоқ, мойындаймыз, бүгінгі күні холдингтің қарызы шаш етектен. Ауыл шаруашылығын қолдауға бөлінетін ақша, енді "ҚазАгроның" қарыздарын жабуға пайдаланылмайды. Бұл ақша бірден Аграрлық несие корпорациясына (АКС) және Қаржылық қолдау қорына және "ҚазАгроҚаржы" сынды "ҚазАгроның" еншілес компанияларына тікелей түседі. Міне, солар арқылы тауар өндірушілер несиелендіріледі. Ал "ҚазАгро" холдингінің қарызын жабу үшін біз бүгінде "ҚазАгро" жүйесін қайта құрылымдауды жүргізіп жатырмыз, яғни "ҚазАгро" жүйесін реформалаудамыз", - деді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, егер бұрын холдинг құрамында шамамен 7 еншілес компания болса, қазір олардың үшеуін жабу жоспарланған: екеуі жабылады, ал біреуі - "ҚазАгроГарант" АКК-пен біріктіріледі, өйткені олардың бір-бірін қайталайтын функциялары бар.

- Бұл реформаның нәтижесінде ҚазАгро холдингінің бас штабындағы штат айтарлықтай азаяды. 1100 адам жұмыстан қысқарады. Соның арқасында біз 3,2 миллиард теңге үнемдеуге қол жеткіземіз. Одан бөлек холдингтің еншілес компанияларының барлық өңірде филиалы бар, соның бәрін "Бір терезе" жүйесі бойынша біріктіріп жібермекпіз, - деп түсіндірді Омаров.

Оқи отырыңыз: "Паразиттер" халықты сорып жатыр...". Мәжілісте бір депутат қатты кетті

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: