Жаңалықтар тізбегі
0

Депутат қазақтардың митингке бала-шағасымен шығуынан шошыды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2019 22:36 zakon.kz
Қазіргі заңның солқылдақ тұсы – 16 жасқа толмаған балаларын митингке алып шығатын ата-аналарды жазалайтын бап жоқ екен.

Балалардың митингте қатысуы себепті бастарына қауіп төндіруінен сақтану мақсатында заңдарды өзгерту қажет. Бұл туралы депутат Сәуле Айтпаева айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылау барысында Айтпаева балалар құқығын қорғау жөніндегі ҚР Президентінің Жолдауындағы тапсырмаларын орындау жайын көтерді.

- Мен ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған балалар құқықтарын қорғау және оларға қарсы зорлық-зомбылықпен күресу, митингтер туралы заңнаманы жетілдіру жағына басымдық беріп, осы тапсырманы одан әрі қарастыруды ұсынамын. ҚР Конституциясының 31 бабында азаматтардың бейбіт және қарусыз жиынға, жиналыс, митинг, шерулер мен пикеттер өткізу құқығы көзделген. Бірақ мұндай құқық абсолютті бола алмайды, өйткені Қазақстанда митингтерді еркін өткізу жолдары ҚР Митингтер ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңында қарастырылған. Соңғы кездері митингтер жиілеп кетті, оған балалар мен жасөспірімдер ересектермен бірге қатысатын болып кетті, - деп түсіндірді ол.

Оның сөзінше, митингке шығатын балалар жаңбырда немесе ыстық күннің астында қалып қалуы мүмкін.

- Кішкентай балалардың күннің астында немесе жаңбырда бірнеше сағат бойы тұруға мәжбүр болатынын көріп жүрміз. Ал ата-аналар өздерінің осындай әрекеттерімен өз балаларының құқықтарын бұзатынын көріп отырмыз. Оның үстіне, рұқсат етілмеген митингілер мен акцияларға қатысу – балалардың өмірі мен денсаулығына қауіпті болатын жаппай тәртіпсіздіктерге, құқық бұзушылықтарға және қылмыстарға қатысуы тәуекелін жоғарылатады. Қазақстан тарапынан ратификацияланған Бала құқықтары туралы конвенцияға сәйкес, қатысушы-мемлекеттер бала денсаулығын қорғау үшін тиісті қамқорлықтарды қамтамасыз етуге міндетті, - деп атап өтті сенатор.

Айтпаева митингке балаларын алып шығатын ата-аналарды әкімшілік шаралармен жазалау керек деп отыр.

- Жауапсыз ата-анасын жазалау арқылы мемлекет баланың мүддесін қорғауы тиіс. Сөз және жиналыс бостандығы балалар құқығын бұзбасын. Меніңше, балаларды митингке қатыстырмау үшін заңнамалық өзгерістер енгізу қажет, - деді ол.

Кейінірек депутат өз мәлімдемесіне өзі түсініктеме берді. Ол ата-аналарды жазалау керек дейді.

- 16 жасқа толмаған балаларын митингке алып шығатын ата-аналарды жауапқа тарту керек. Өйткені қазіргі Әкімшілік кодексте 16 жасқа толғандарға рұқсат етілмеген митинке қатысқаны үшін жауапкершілік бар. Ал 16 жасқа толмағандардың не өздерін, не олардың ата-анасын жазалау қарастырылмаған. Жалпы, бүкіл әлемде 16 жасқа толмаған балаларды кез-келген қауіпті жағдайларда қалдырмау үшін жалпы ережелер қарастырылған, - деді депутат.

Оның пікірінше, қолданыстағы заңдардың біріне осындай өзгерістер енгізуге болады. Сонымен қатар, депутат балалардың митингке шығуына қатысты өзінің жеке ойын айтты.

- 8 Кодекс пен бірнеше заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде, олардың ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс және "Бала құқығы туралы" заң бар. Онда ата-аналардың жауапкершілігі қарастырылған, ата-аналардың міндеттерін нақтылау қажет. Парламенттің алдындағы алаңға көпбалалы аналар балаларын алып қайта-қайта келе бергені естеріңізде ғой. Ал басқа ата-аналар болса, маған әлгі ата-аналар балаларын осындай қауіпті оқиғаларға қатыстырмауы керек деп жазады. Бұл мәселе тек көпбалалы аналар туралы емес, жалпы ата-ана туралы: олар "Бала құқықтары туралы" заңға сәйкес, өз балаларының өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жауап беріп, қамқорлық жасауы керек, - деп қорытындылады сенатор.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: