Жаңалықтар тізбегі
0

Электр тарифін негізсіз көтерген екі ірі лауазымды тұлға сотталды

112.ua, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2019 23:19 112.ua
Қарағанды ​​қаласының Қазыбек би аудандық сотының үкімімен "Жезқазған электр тарату желісі" АҚ-тың бұрынғы бас директоры ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған оған 3 жыл 6 ай шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

"Жезқазған электр тарату желісі" АҚ-тың бұрынғы бас директоры және Табиғи монополияға қарсы органның Қарағанды ​​облысы бойынша басшысының бұрынғы орынбасары тарифтердің заңсыз өсіргені үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың басында облыстық прокуратура қызметкерлері тексеру жүргізіп, 2018 жылы "Жезқазған электр тарату желісі" АҚ-тың өкілдері ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды ​​облыстық департаментімен заңсыз байланысқа шығып, тарифті жоғарлату туралы өтініш түсіргені анықталды.

Өз кезегінде, Монополияға қарсы органның лауазымды тұлғалары өтінішті кері қайтарудың орнына монополисттің 2017-2020 жылдарға арналған тарифін өсіруін бекітіп, құжатқа қол қойған.

Осылайша ауыз жаласқан "Жезқазған электр тарату желісі" АҚ-тың және Монополияға қарсы органның жергілікті лауазымды тұлғалардың заңсыз бұл әрекеті тұтынушыларға 1,3 миллиард теңге көлемінде шығын келтірді. Осы факті бойынша Қарағанды ​​облысының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алып, тергеу кезінде күдіктілер өз кінәсін толық мойындады. "Жезқазған электр тарату желісі" АҚ-тың бұрынғы бас директоры үстінен аса ірі көлемде алаяқтық жасады, ал аймақтық монополияға қарсы орган басшысының бұрынғы орынбасары – жұмысқа үстірт қарағаны үшін іс қозғалып, ол сотқа жөнелтілді.

"Қарағанды ​​қаласының Қазыбек би аудандық сотының үкімімен "Жезқазған электр тарату желісі" АҚ-тың бұрынғы бас директоры ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған оған 3 жыл 6 ай шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Осы соттың шешімімен облыстық монополияға қарсы орган басшысының бұрынғы орынбасары ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабы 2-тармағы бойынша іс мерзімінің өтіп кетуіне байланысты қылмыстық жауапқа тартудан босатылды", деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Сонымен бірге,биылғы жылдың сәуір айынан бастап монополист тұтынушыларға келтірген шығынды өз еркімен өтей бастады. Бүгінгі күні өтелген шығын мөлшері шамамен 290 миллион теңгені құрайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: