Бағдат Мәнізоровтың парамен ұсталғаны расталды

baribar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2019 15:07 baribar.kz
Мәнізоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне 12 шілдеде тағайындалған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі басшысының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Мәнізоров мырза, Алматы облысы әкімінің орынбасары қамауға алынған. Бұл ақпаратты растаймыз. Қазір ол уақытша ұстау абақтысында. Қазір оған қандай айып тағылып, қандай бұлтартпау шаралары қолданылатыны қарастырылуда, – деді Бектенов.

Бұдан өзге ақпарат әзірге жариялауға жатпайды екен.

– Тергеу құпиясы бар, Қылмыстық-процессуалдық кодекстің талаптары бар. Ондай ақпарат пайда болған кезде, біз оны бірден БАҚ-қа жеткіземіз, – деді спикер.

Мәнізоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне 12 шілдеде тағайындалған еді.

Оған дейін Мәнізоров 2008 жылдан бастап 2017 жылға дейін Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі болған.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: