Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан: "жәрдем" медициналық пойызына келіңіз

pavon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2019 01:31 pavon.kz
Бүгінде диагностикалық және емдік құралдармен жабдықталған және түрлі саладағы дәрігерлер тобымен жасақталған арнайы теміржол құрамдары аудан,қала аумағынан шалғайда орналасқан елдімекен тұрғындарын қамтуда.

Пойыз 24 желтоқсанға дейін Қазақстанның оңтүстік-батысын аралайтын болады. Бұл – Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының аумағын қамтуға бағытталған қосымша медициналық пойыз. Пойыз жұмысына ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ 127,6 миллион теңгеден астам қаражат бөлген, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Лаура Сапарбекованың мәліметінше, биылғы жылдың 29 сәуірінде жолға шыққан "Денсаулық" медициналық эшалоны да 2019 жылдың 20 желтоқсанына дейін өз жұмысын жалғастыра береді. Бүгінге дейін жеті облысты аралап үлгерген пойыз қызметінен 15 мыңдай жергілікті тұрғын қажетті кеңес алып, тегін ем-дом қабылдаған.

Игі шара, елімізде 2010 жылдан бері аймақтардағы шалғай елдімекен тұрғындарына медициналық көмек көрсетіп келеді. Бүгінде диагностикалық және емдік құралдармен жабдықталған және түрлі саладағы дәрігерлер тобымен жасақталған арнайы теміржол құрамдары аудан,қала аумағынан шалғайда орналасқан елдімекен тұрғындарын қамтуда. Пойыздың жұмыс режимі дәрігерлердің тұрғындарды күнұзақ қабылдауына қарай құрылған. Диагностика және емдеу шаралары тегін жүргізіледі. Бұдан бөлек, елді мекен тұрғындарына 2020 жылдан бастап қолданысқа енгізілетін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі және оның негізгі қызметі туралы ақпарат берілуде.

Медициналық пойыздар – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ және "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ортақ жобасы.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2019 01:31

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: