Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаевтың Жарлығымен бірнеше елдегі Қазақстан елшілері өзгерді

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2019 21:41 Ақорда
Нұрбах Тұрарұлы Рүстемов Румыниядағы ҚР төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Венгриядағы ҚР төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Сербия Республикасындағы, бұрынғы Югославияның Македония Республикасындағы ҚР төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бірнеше мемлекеттегі Қазақстан елшілері жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов Әзербайжан Республикасындағы ҚР төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Чех Республикасындағы ҚР төтенше және өкілетті елшісі, Словак Республикасындағы ҚР төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

Дәулет Қасекенұлы Батырашев Португалия Республикасындағы ҚР төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Румыниядағы ҚР төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды;

Нұрбах Тұрарұлы Рүстемов Румыниядағы ҚР төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Венгриядағы ҚР төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Сербия Республикасындағы, бұрынғы Югославияның Македония Республикасындағы ҚР төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

Жәнібек Жарасқан-ұлы Әбдрашов Венгриядағы ҚР төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды;

Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков Сербия Республикасындағы ҚР төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Сатыбалды Ересұлы Бұршақов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды. Ол Израиль Мемлекетіндегі ҚР төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды;

Сауд Арабиясы Корольдігіндегі ҚР төтенше және өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі Берік Сақбайұлы Арын Бахрейн Корольдігіндегі ҚР төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;

Таиланд Корольдігіндегі ҚР төтенше және өкілетті елшісі Раушан Кәкімсейітқызы Есболатова Мьянма Одағы Республикасындағы ҚР төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Француз Республикасындағы ҚР төтенше және өкілетті елшісі Жан Сержанұлы Ғалиев Португалия Республикасындағы ҚР төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

Дулат Оразбекұлы Қуанышев Израиль Мемлекетіндегі ҚР төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Кипр Республикасындағы ҚР төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды", делінеді Президенттің Жарлықтар топтамасында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: