Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан: Келесте "Ауыл – ел бесігі" жобасымен 25 нысан жөндеуден өтеді

пресс-служба пресс-служба
Сонымен қатар, аудан басшысы аймақта өндірілген жалпы өнім көлемі ағымдағы жылдың 8 айында 30,9 млрд теңгеге жеткенін баяндады.

Түркістан облысы Келес ауданында "Ауыл – ел бесігі" мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы саны 23 ішкі көше жөнделіп, орталық стадион мен аудандық мәдениет үйі толық қайта жаңғыртылатын болады.

Бұл 25 нысанға республикалық бюджеттен 1 млрд. 229,3 млн теңге қаржы бөлінген. Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев мәлімдеді.

Сонымен қатар, аудан басшысы аймақта өндірілген жалпы өнім көлемі ағымдағы жылдың 8 айында 30,9 млрд теңгеге жеткенін баяндады.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-09/thumbs/1569837546_whatsapp-image-2019-09-30-at-14-54-19-1.jpeg

- Кірістер бойынша 2019 жылдың 8 айында жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен басқа да түсімдердің жоспары 96,8%-ға орындалды. Ал осы мерзімде белсенді шағын және орта субъектілер саны 8500 бірлікке жетіп, онда жұмыс істейтін адамдар саны 18,1 мың адамды құрады. "Индустриалды-инновациялық даму" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында жалпы құны 327,4 млн. теңгені құрайтын 2 жобаны 2019 жылы іске қосу жоспарланған. 2018 жылы құны 250 млн теңге болатын 1 жоба іске асырылып, 50 жұмыс орны ашылды, - деді Ақментай Үсенұлы.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-09/thumbs/1569837564_whatsapp-image-2019-09-30-at-14-54-20-1.jpeg

Бұдан өзге, аудан бойынша 2019 жылдың 8 айында 4 млрд. 323,1 млн теңгеге 27 нысанның құрылыстары жүргізілген: білім саласында - 2 нысан, табиғи газбен қамтуда - 1 нысан, ауыз сумен қамтуда - 13 нысан, сапалы электр қуатымен қамтуда - 11 нысан. Оның ішінде 4 жаңа нысанның құрылысы пайдалануға берілді.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-09/thumbs/1569837567_whatsapp-image-2019-09-30-at-14-54-20-2.jpeg

Инфрақұрылым бойынша елді мекендерге шаққанда Келес ауданында табиғи газбен қамту үлесі – 65%, ауыз сумен қамту – 54,4% болса, сапалы электр қуатымен қамту – 65%. Саладағы жұмыстар жалғасын табатын болады. Сондай-ақ, 2020 жылға қарай 43,9 шақырымды құрайтын ауданның 30 ішкі көшелерін жөндеу жоспарлануда.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-09/thumbs/1569837526_whatsapp-image-2019-09-30-at-14-54-20.jpeg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз