Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Ереванға келді

facebook.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2019 15:26 facebook.com
Ереванда Еуразиялық экономикалық одақ пен Сингапур мемлекеті Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге келеді деп жоспарланған.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық одақ кеңесінің отырысына қатысу үшін Ереванға барды. Бүгін Мемлекет басшысы кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысып, бірқатар екіжақты кездесу өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ кеңес отырысына қатысу үшін бүгін Армения астанасына Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков жиналады. Бақылаушы ретінде Молдова мемлекетінің басшысы Игорь Дадон да отырысқа қатысады.

Ереван саммитіне Иран президенті Хасан Рухани мен Сингапур мемлекетінің премьері де келеді. Соңғысымен саммитте маңызды құжатқа қол қойылмақ. Еуразиялық экономикалық одақ пен Сингапур мемлекеті Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге келеді. Сарапшылар бұл келісім еуразиялық бірлестіктің кеңістігін кеңейтіп, жоғары технология саласындағы серіктестікке серпін береді деп сенеді.

Сондай-ақ жергілікті сарапшылар ішкі интеграцияны күшейту үшін, бірлескен өндірістк кәсіпорындарды құру қажет деген ой айтады.

Эммануил Мкртчян, "Арминфо" ақпараттық агенттігінің бас директоры:

– Қазірдің өзінде автоөнеркәсіп саласында екі жаңа лидер анықталды. Қазақстан мен Ресей бірнеше ірі көлік зауыттарын салып, іске қосты. Ал Армения не істей алады? Біздің елдің электроникада әлеуеті зор. Армения шағын білдектер, яғни станоктар шығара алады. Сондықтан осындай мүмкіндіктерді ортақтастырып, үлкен жобалар арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет басшылары бүгінгі саммит қорытындысы бойынша 15 шақты құжатқа қол қояды деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысына қатысудан бөлек, бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: