Жаңалықтар тізбегі
0

Саран қаласында 20-дан астам көпбалалы ана атаулы көмектен бас тартты

Ашық дерекөздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2019 15:37 Ашық дерекөздерден алынды
"Бұл – халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің белсенді де сапалы қызметінің нәтижесі", - дейді көпбалалы аналар.

Қарағанды облысының Саран қаласында 20-дан астам отбасы тұрмысын түзеп, атаулы әлеуметтік көмектен бас тартты. "Бұл – халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің белсенді де сапалы қызметінің нәтижесі", - дейді көпбалалы аналар, деп хабарлайды Хабар 24.

"Аймақта оқу курстарын бітіріп, өз ісін ашқалы отырғандардың қарасы көбейген. Жаңагүл Исатаева – отағасы қайтыс болғаннан кейін балаларға ие болып қалған көп балалы жалғыс басты ана. Жақында жатақханадан әкімшілік бөлген үш бөлмелі пәтерге көшті. Ортаншы қызы мүгедек болғаннан кейін үйден тыс жұмысқа мүмкіндігі жоқ. Дегенмен еңбекқор ана мемлекет беріп отырған мүмкіндіктің арқасында оқып, үйден шықпай-ақ тапсырыстар алып, түрлі ұлттық киімдер тігуді жоспарлап отыр. Ол үшін Жаңагүл "Бастау" бизнес жобасы аясында қысқа мерзімде кәсіпкерліктің негізін меңгеріп шығуды көздеп отыр", - дейді телеарна тілшісі.

Жаңагүл Исатаева, көпбалалы ана:

– Менің мақсатым – жәрдемақыға қарап қалмай, өз еңбегіммен ісімді бастағым келеді. Бұл жәрдемақы уақытша, бірақ жәрдемақының өзінің жемісі болу үшін осындай мүмкіндіктер беріп жатыр. Гранттар бөліп жатыр, соны оқып сертификат алып, өз жұмысымды бастап, жемісін жеуге бізде мүмкіндік бар.

Айман Қыдырбаева мен оның жұбайы көпбалалы ата-ана болуды армандаған. Қазір жеті баланың тұңғышы - 14 жаста. Отағасы еңбекпен қамту орталығының қолдауымен күзетші болып тұрақты жұмысқа қабылданды. Ал Күміс алқа иесі атанған ана тамыз айында тігін фабрикасына оқуға қабылданды. Көпбалалы анаға жолдаманы халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі берген.

Айман Қыдырбаева, көпбалалы ана:

– Маған атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде осындай мамандық ұсынылды, осы мамандықта оқып жатқаныма қуаныштымын. Адамның құлшынысы болса бәріне де үлгеруге болады.

Бүгінде Саран қаласы халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тіркелген азаматтардың 30-дан астамы тұрақты жұмыспен қамтылып, 29 адам қоғамдық жұмысқа қабылданған. Сонымен қатар тұрмысы төмен отбасылардан 18 адам түрлі саладағы мамандықты меңгеру үшін оқу курстарына жазылды.

Кенже Тұңғышбаева, Саран қаласы халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:

– 2019 жылдың басынан бері атаулы әлеуметтік көмектердің арқасында 20 отбасы тұрмысын түзеді. Бұл жанұялар қазір толықтай әлеуметтік көмектен бас тартты. Өйткені олардың қазір материалдық жағдайлары ойдағыдай, тұрақты жұмыс орындары бар. Өз отбасыларын өздері қамтып отыр.

Айта кету керек, Саран қаласындағы халықты еңбекпен қамту орталығында атаулы әлеуметтік көмек көрсету калькуляция жүйесі іске қосылған. Бұл заманауи пилоттық жүйе арқылы кез келген адам жеке ақпаратын енгізу арқылы қандай атаулы әлеуметтік көмек жүгіне алатынын біле алады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: