Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бүгінде Алматы қаласы жауапты 14-секторда – 531 нысанды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Бақытжан Сағынтаевпен бірге Алматы бюджеті есебінен салынған нысандардың сапасын тексерді. Бұл туралы Zakon.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Алдымен Арыс қаласындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен үйлердің жөндеу жұмыстарымен танысты.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-10/thumbs/1569940999_643f7ba1-7916-4afd-9dd4-669827d3217a.jpg

Бүгінде Алматы қаласы жауапты 14-секторда – 531 нысанды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 503-і жөндеу жұмыстарын қажет етсе, 28 үйдің қабырғалары толықтай сүріліп, жаңадан салынуда. Қалпына келтіру жұмыстарына – 5 компания, 300-ден астам құрылысшы тартылған.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-10/thumbs/1569940993_cafc1db2-a040-4b7b-9cfe-e99391369040.jpg

Сапар барысында Алматы қаласының басшысы құрылысшылармен кездесіп, Алматы қаласына бекітілген 14-сектордың жауаптыларына құрылыс қарқынын жылдамдатуды, бекітілген кестеден кешіктірмей шұғыл түрде өткізуді тапсырды. Сондай-ақ, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Түркістан облысындағы Медиа орталықтың құрылыс алаңында болды.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-10/thumbs/1569941032_26b7f207-3e8f-497e-b753-3b6321ae0ba9.jpg

Алматы қаласы әкімдігінің Түркістанға тартуы қаланың жаңа әкімшілік және іскерлік орталығындағы құрылысы бітуге жақындаған алғашқы нысандардың бірі. Медиа орталықта облыстық телеарналар мен газеттердің, радиолардың редакциялары және республикалық БАҚ өкілдіктері орналасып, жан-жақты ақпарат тарататын болады.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-10/thumbs/1569940988_c37233e1-ea2b-420b-9b48-2463d477e9e4.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз