Жаңалықтар тізбегі
0

Жезқазған қаласы әкіміне сөгіс жарияланды

karaganda-region.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2019 22:25 karaganda-region.gov.kz
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Жезқазған қаласына барған жұмыс сапары кезінде қала әкіміне сөгіс жариялады.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек ауызсумен қамту мәселесіндегі проблемалар үшін Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Бегімовке сөгіс жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысы Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Бегімовке сөгіс жариялады.

"Мен сумен қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын бөлімшенің жұмысына теріс баға бергім келіп отыр. Сондай-ақ "Қазақмыстың" басшылығына осы мәселеге назар аударуларыңызды сұраймын – қаланы сумен жабдықтау мекемелеріндегі басшылық алып отырған лауазымдарына қаншалықты сай келетінін қарастыру қажет", - деп тапсырды Қасымбек.

Облыс әкімі сондай-ақ қаланың жылу беру маусымына дайындығын сұрады. Ол жергілікті ЖЭО-да болып, жағдаймен танысты. Жезқазғандықтардың үйлері келесі аптада жылу жүйесіне қосуға дайын.

"Жылу беру маусымына қала дайын. Үш жылу трассалары жуылды, қысыммен тексерілді және іске қосуға дайын. 8 қазанда жылу беруді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, біз жылу құбырларын ауыстырамыз, бұл жұмыстар 2020 жылы аяқталады. Бұл тұрғын үйлерді сапалы жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп түсіндірді Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Бегімов.

Тағы бір өзекті мәселе - Жезқазған-Қызылорда трассасын жөндеу. Өңір басшысы жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау мамыр айында аяқталатынын айтты. Сондай-ақ, келесі жылы қайта құру басталады. Сонымен қатар, Қарағанды-Жезқаған жолы да күрделі жөндеуді қажет етеді. Бұл жұмыстар 2021 жылға жоспарланған. Билік тек көлік қатынасы ғана емес, әуе қатынасында да мәселелерді шешпек. Жергілікті тұрғындардан Жезқазған-Алматы авиарейсін іске қосу туралы өтініш түсті.

"Біз бұл рейсті келесі жылы ашуды жоспарлап отырмыз. Барлық қажетті мәселелерді тиісті министрлікпен шешкеннен кейін», - деді Жеңіс Қасымбек. Облыс әкімінің айтуынша, ақсақалдар мен қала тұрғындары айтқан барлық мәселелер шешіліп жатыр. Бірақ бұл уақыт пен қаражатты қажет етеді. «Біз оларды шешу үшін жұмыс істейтін боламыз", - деп қорытындылады аймақ басшысы.

Жезқазған өңіріне жұмыс сапары барысында ол мыс балқыту зауытында да болып, кәсіпорынның жоспарымен және жұмысымен танысты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: