Жаңалықтар тізбегі
0

Ислам Әбішев ақтала ма, соттала ма?

BNews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2019 14:32 BNews.kz
Алдын-ала сот тыңдаулары қашан аяқталып, үкімнің қашан шығатыны әзір белгісіз.

Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған қылмыстық сотында АШМ Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішев пен Дүниежүзілік "Қазақ күрес" Федерациясының экс вице-президенті Серік Түкеевке қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 24, 28, 366- шы баптары бойынша қозғалған қылмыстық іс негізінде сот отырысы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұдан бұрын хабарлағандай, Ислам Әбішевке "ірі көлемде пара алды" деген айып тағылған болатын.

Бірақ әлеуметтік желідегі белсенді азаматтар "Ислам Әбішевке жала жабылды" деп есептейді. Айыпталушыға қолдау көрсету үшін Фейсбук желісінде "Ислам Әбішевті қолдау комитетін" құрып, арнайы парақша ашқан. Қазір "Ислам Әбішевті қолдау комитетіне" 50 мыңға жуық адам мүше. Онда әртүрлі авторлар Ислам Әбішевтің мемлекет қазынасынан 1,5 трлн теңге үнемдегені, қазақ өнері мен әдебиетіне көрсеткен қамқорлықтары туралы жиі материалдар жариялап келеді.

Сондай-ақ, соңғы уақытта осы парақшада Ислам Әбішевтің түрлі мәселелер бойынша бірнеше үндеуі жарық көрді. Онда ол халықты баспанамен қамтудың оңай әрі арзан жолы, Нұр-Сұлтан қаласындағы ЛРТ жобасын арзан әрі сәтті аяқтау, республикалық деңгейдегі тас жолдарды тиімді етіп салу және бүкіл елді ауызсумен 100 пайыз толық қамтамасыз етудің жеңіл әрі арзан жолдарын атап көрсеткен. Егер, Ислам Әбішевтің осы тезистеріне Үкімет көңіл бөлсе, халық пен мемлекет үшін пайдасы зор болары сөзсіз.

Алдын-ала сот тыңдаулары қашан аяқталып, үкімнің қашан шығатыны әзір белгісіз.

Ислам Әбішевке тағылған айып та өте ауыр. Бірақ адвокат Ләззат Ахатованың айтуынша, егер, судьялар іске әділ қарайтын болса, Ислам Әбішевтің ақталып шығуы да мүмкін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: