Жаңалықтар тізбегі
0

Бүгін көп күткен "Бекзат" фильмі көрерменге жол тартады

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2019 17:00 видеодан алынды
Әуесқой бокста Бекзат Саттарханов 143 жекпе-жек өткізіп, 132 кездесуінде жеңіске жеткен.

Спорттағы жарық жұлдыз - Бекзат Саттарханов туралы фильм бүгін, яғни 3 қазаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіле бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Бекзат" көркем фильмі – ұлтының ұранына айналған есіл ердің өмірінен алынған шынайы оқиға. Жылдар өтті, алайда Бекзаттың жарқын бейнесі халқының жадынан сөнген жоқ. Қазақ боксшысының қысқа ғана ғұмырына арналған бұл картина – елінің батыр ұлына деген сағынышының көрінісі.

Бекзат Саттарханов 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген. Ол алғаш рет 1995 жылы 15 жасында Түркістан қаласында өткен З.Сейітбековты еске алу турнирінде топ жарды. 1996 жылы Қостанайда өткен бокстан жастар арасындағы жарыста Қазақстан чемпионы атанды. 1997 жылы Қарағанды және Кельн (Германия) қалаларында өткен халықаралық турнирде жеңіске жетеді. Сол жылы Шымкенттегі олимпиадаға даярлау орталығына қабылданады. 1998 жылы бокстан Аргентинада өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болады. 1999 жылы Венгрия және Болгарияда өткен халықаралық турнирлерде жеңіске жетіп, Ташкенттегі Азия біріншілігінде күміс жүлдеге ие болды. Нәтижесінде Сидней олимпиадасына жолдама алады. 2000 жылдары Бекзат Олимпиадада 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Сидней Олимпиадасының финалында Бекзат Саттарханов әлем чемпионы, тәжірибелі АҚШ бокшысы Рикарду Хуареспен кездеседі. Ол қарсыласын 22-14 есебімен жеңіп, 20 жасында Олимпиада чемпионы атанады.

Әуесқой бокста Бекзат Саттарханов 143 жекпе-жек өткізіп, 132 кездесуінде жеңіске жеткен.

Ол 2000 жылдың 31 желтоқсан күні жаңа жылға 15 минут қалғанда Шымкент қаласының маңындағы жол апатынан қаза тапты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: