Жаңалықтар тізбегі
0

Cыртқы істер министрі Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі қалай жүріп жатқанын айтты

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2019 17:50 Zakon.kz
13 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға мемлекеттік сапары барысында есірткі контрабандасымен айыпталған отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайға араша түсті

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қытайда тұтқындалған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай ісі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Президент Қытайға барғанда, істі барынша әділ қарау туралы ең жоғарғы деңгейде өтініш білдірді. Дегенмен, өздеріңіз білесіздер, сот процесі әлі жүріп жатыр, сондықтан күтеміз. Сот процесінен кейін бәлкім, оны экстрадациялау кезеңіне өтетін шығармыз", - деді Мұхтар Тілеуберді Nur Otan партиясындағы қабылдауда тілшілерге берген сұхбатында.

Еске сала кетсек, 13 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға мемлекеттік сапары барысында есірткі контрабандасымен айыпталған отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайға араша түсті . 3 қыркүйекте Гуанчжоу сотында есірткі контрабандасымен айыпталған Ақжарқын Тұрлыбайдың қылмыстық ісі бойынша отырыс өтті. Отырыс барысында қорғаушы тарап ұсынған қылмыстық істің материалдары қаралды. 21 жастағы қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Қытайдың Малайзиямен шекарасында есірткімен ұсталған болатын. Оның жүк сөмкесінен 4,5 келі есірткі табылды, Ақжарқын ол туралы білмейтінін мәлімдеген. Осы іс бойынша Қытайдың Гуанчжоу соты Ақжарқын Тұрлыбайды есірткі контрабандасымен айыптап, өмір бойына бас бостандығынан айырды.

2016 жылы 7 сәуірде апелляциялық сатыдағы сот Ақжарқын Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өзгерту және істі бірінші сатыдағы соттың қарауына жіберу туралы қаулы еткен болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: