Ашынған бір еркек әйелінің көңілдесінен көп ақша өндіріп алды
Солтүстік Каролина штатында сот әйелін көңілдесімен ұстап алған Кевин Ховардтың ісіне қатысты шешім шығарды. Енді біреудің әйелімен жүргені үшін пиғылы бұзық еркек 750 мың доллар моральдық шығын төлеуі керек, деп хабарлайды РИА Новости WITN-ге сілтеме жасап.
Ховард "жары барын біле тұра мақсатты түрде біреудің отбасын бұзу" туралы заңдағы бапты пайдаланып, әйелінің көңілдесін сотқа берген. Бұл заң АҚШ-тың көптеген штатында бүгіндері өз күшін жойған, бірақ ол Миссисипи, Нью-Мексико, Оңтүстік Дакота, Юта және Солтүстік Каролина, сонымен қатар Гавай аралдарында әлі сақталған.
Басылымның мәліметінше, ер адам 12 жыл некеде болған, бірақ бір күні әйелі одан ажырасуды өтінген. Ерлі-зайыптылар отбасылық психологқа барған, бірақ бұл көмектеспепті. Осыдан соң ер адам жеке детектив жалдап, әйелінің жұмысында көңілдес-әріптесі барын анықтаған.
Ховард оны сотқа беріп, одан ақша өндіріп алды. Әйелінің сүйіктісі сот шешімімен 750 мың доллар төлеуі керек болыпты.
Америкалық жігіт бұл арада мәселе ақшада емес екенін айтады.
"Мен некенің тазалығына сенемін әрі оның таза болуы үшін күресемін", - деді ол.
Басылым Кевиннің әйелімен ажырасып кеткенін, қазір ол өз-өзіне келіп жатқанын жазған.