Жаңалықтар тізбегі
0

"Нұршылар" мен гүленшілер туралы

Reuters, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2019 14:53 Reuters
Жасырын жүрген осы сектаның маскасын шешіп, оның біздегі мүшелерінің аты-жөнін атап тұрып айтатын уақыт келді.

Түрік парламентінің спикері М.Шентоп мырза біздің елге келіп кеткеннен кейін біраз мәселенің әлі күнге дейін басы ашылмай қалып отыр.

Қазірге дейін нұршылар мен гүленшілер сектасы туралы аз жазылған жоқ. Феткуллах Гүленнің жұмысына сараптама жасап қарасақ, оның жамағатындағы капиталдың жалпы көлемі 50 млрд доллардан асып кетеді екен. Түрік баспасөзі осыған дейін олардың Түркиядағы бар капиталдың 30 пайызына ("ислам капиталы") дейін иелік етіп отырғанын талай рет жазды. Мемлекет тарапынан қысым көргеннен кейін нұршылар астыртын әрекетке көшіп, спецслужбаға ұқсайтын арнаулы қызметті де құрыпты. Олар түркітілдес халықтар тұратын басқа елдердің экономикасына, саясаты мен дінаралық қатынасына дейін араласып, әртүрлі ақпарат жинауды қолға алып, Түркияда ғана емес, осы елдердің билігіне де астыртын түрде өз адамдарын ептеп енгізе бастады.

Дәл қазір нұршылар осындай "өкілдіктерін" әлемнің 65 елінде ашыпты. Орталық Азияда нұршылардың 128 лицейі жұмыс істеді. Сөйтіп жүріп олар жылжымайтын мүлік сатып алады да, ол жерді адептары (мүриттері) жиналатын, жасырын бас қосатын ортаға айналдырады. Өздері діни ұйым ретінде тіркелмейді. Сондықтан олардың жұмысын бақылап отыру мүмкін емес. Түркиядағы Саид Нұрсидың "нұршылар" деп аталатын (жоғарыда айтылған) діни жамағаты бар. Солардың және "Хизметтің" идеяларын осы гүленшілер идеологиялық база ретінде пайдаланады.

Билікті біртіндеп жаулап алып, биліктегі элитадан жақтастар жинап жатқан гүленшілерге көңіл бөлмеуге болмайды. Бұл мәселе ұлттық қауіпсіздікке келіп тірелетін үлкен мәселе. Оған бей-жай қарау – болашаққа балта шабумен бәрдей нәрсе.

Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдары гүленшілер өте күшті идеологиялық жүйе мен қаржы жүйесін құрды. Оның ішінде университеттер, 30-дан астам қазақ-түрік лицейлері мен басылымдар да бар. Оларды бизнесмендер, қоғам қайраткерлері мен саясаткерлер де жақсы қолдайды. Көп адамның көңілін тапқан. Үкімет мектепке дейінгі және орта білім беретін саланы барынша бақылауға алуы қажет.

Осы жақында түріктің барлау қызметінің отставкаға шыққан қызметкері Нұри Гүндештің кітабы жарық көрді. Автор онда нұршылардың Американың Пенсильваня штатында орналасқан бас кеңсесі бар екенін жазыпты. 1990 жылдары нұршылар Орталық Азияда әрекет еткен ЦРУдың (ОББ) агенттеріне барынша қолдау білдіріп, оларды баспанамен қамтамасыз етіп отырған екен.

Қазір Қазақстанның бизнесмендерінің көбі осы сектаның мүшесі дегенді естіп жүрміз. Олардың нақты санын анықтап, мемлекет мұндай діни жамағаттардың жұмысын дер кезінде әшкерелеуі керек. Қазақ-түрік лицейлерінің аттарын тез өзгеріп, идеологотары - түрік оқытушыларын жылдамдатып Еуропадағы бөлімшелеріне аттандырып жібергеніне қарағанда, бұлардың қазір биліктегі лоббиы өте күшті. Жан-жаққа жол ашып алған.

Жасырын жүрген осы сектаның маскасын шешіп, оның біздегі мүшелерінің аты-жөнін атап тұрып айтатын уақыт келді. Бұлардың бәрі болашақта елге қауіп төндіретін, мемлекетті теократиялық, бір сектаның сойылын соғатындар басқаратын діни сипаттағы мемлекетке айналдырғысы келеді. Қазірден бастап іске кірісіп, осындай жасырын жұмыс істеп жүрген жамағаттардың жолын кеспесек, ертең қатты өкініп қалғалы тұрмыз!

Жолымбет Мәкіш, журналист

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: