Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария вице-президентімен келіссөз өткізді

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2019 00:14 ҚазАқпарат
Илиана Йотова Павлодарға барып, облыс және қала басшыларымен, болгар диаспорасымен кездесуді жоспарлап отыр.

Болгария Республикасының вице-президенті Илиана Йотова жұмыс сапарымен Қазақстанда жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бүгін Болгария Республикасының вице-президенті Илиана Йотованың Қазақстанға екі күндік жұмыс сапары басталды. Болгарияның вице-президенті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқы Ассемблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевпен келіссөз өткізді. Сонымен қатар, ертең Болгария вице-президенті Павлодар қаласына іссапармен барады", - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров тілшілерге арналған брифинг барысында.

Илиана Йотова Павлодарға барып, облыс және қала басшыларымен, болгар диаспорасымен кездесуді жоспарлап отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: