Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанға Сергей Лавров келе жатыр

Alexandr Shcherbak / TASS, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2019 21:49 Alexandr Shcherbak / TASS
Қазақстан СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мұның алдында Лавров қазақстандық әріптесі Мұхтар Тілеубердімен де кездесетінін хабарлаған.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанға екі күндік сапармен келіп, Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі.

Қазақстан СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мұның алдында Лавров қазақстандық әріптесі Мұхтар Тілеубердімен де кездесетінін хабарлаған. Бұл ақпаратты "Интерфакс" жаңалықтар агенттігі жариялады, деп хабарлайды centralasian.org.

Айбек Смадияровтың айтуынша, екі елдің сыртқы істер министрлері Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының негізгі мәселелерін, екі елдің халықаралық ұйымдар мен өңірлік интеграциялық бірлестіктер бойынша өзара іс-қимылын талқылайды. Оның ішінде Біріккен ұлттар ұйымы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Еуразия экономика одағы, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары бар.

Екі тарап жылдың соңына дейін Омскде өтетін өңіраралық ынтымақтастыққа арналған 16-форумды, ұжымдық қауіпсіз шарты ұйымының Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтетін шараларын және басқа да екі жақты және көп жақты шараларды ұйымдастыру мәселелерін талқылайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: