Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмоладан кейін Алматы облысында полициялар тобымен ұстала бастады

matritca.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2019 17:35 matritca.kz
Полиция қызметкерлері алған параның көлемі 1,2 миллионнан 2,5 миллион теңге аралығын қамтиды.

Алматы облысында бірнеше полиция қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді. Олар миллиондап пара алған болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылдың 8 қазанында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті ішкі қауіпсіздік басқармасымен бірлесе отырып, бірқатар полиция қызметкерлерінің, оның ішінде жоғары лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты барын анықтады.

- Алматы қаласында осы негізде Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы - полиция майоры, Алматы қаласы Түрксіб аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы - полиция аға лейтенанты азаматтардың сеніміне кіріп, алдау арқылы біреудің 1 250 000 теңге ақшасын жымқырды деген айыппен сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды. Олар бұл ақшаны қылмыскердің жазасын азатайтып белгілеу үшін алған. Аудандық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы ұсталып, Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Алматы облысында осыған ұқсас қылмысқа күдікті ретінде Қарасай аудандық полиция бөлімінің тергеушісі ұсталды. Ол басқа тергеуші қарамағындағы қылмыстық іс бойынша алдын-алу шарасын белгілемес үшін біреуден 2 500 000 теңге көлемінде ақша алған. Бұл да біреудің сеніміне кіріп, мүлкін немесе ақшасын иемдену деген факті ретінде тіркелді.

Осы фактілер бойынша тергеу жалғасуда. Күдіктілерге қатысты тіркелген бұл фактілер әлі тексеріліп жатыр. Оларға қатысты соңғы шешімді сот шығаратын болады.

- Сонымен қатар, Ақмола облысында Атбасар аудандық соты ауданның полиция бөлімінің тергеушісі - полиция аға лейтенанты Н.Е. Тұрғабұлға қатысты үкім шығарды. Оның қылмыстық істі тоқтату үшін 150 000 теңге көлемінде пара алғаны сотта дәлелденіп, Тұрғабұл атақ-дәрежесінен, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды. Одан бөлек оған 4 500 000 теңге көлемінде айыппұл салынды, - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметіндегілер.

Оқи отырыңыз: Ақмола облыстық полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылды

Тағы да: Ақмола облысында екі полиция полковнигі ұсталды

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: