Түркістан облысында кәсіпкерлерді жемқорлықтан қорғау басталды

Protecting Business and Investments, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2019 21:49 Protecting Business and Investments
Кәсіпкерлерге Қазақстан аумағында аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат сыбайлас жемқорлық деректерінен 100% қорғауға кепілдік беріледі.

Бүгінгі күні ҚР Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Сыртқы істер министрлігі, сондай-ақ Инвестициялар және даму министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында ел экономикасына инвестициялардың келуін жеңілдету, бюрократия тәртіптерін және сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау мақсатында "Protecting Business and Investments" жобасын жүзеге асыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі таңда, бизнесті қорғау, қолайлы инвестициялық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету - Агенттіктің және оның аумақтық департаменттерінің басымды бағыттарының бірі болып отыр.

Аталған Жобаға қатысуға ниет білдірген кәсіпорындар қатарында Түркістан облысында орналасқан "Golden Camel" ЖШС де бар.

Бірнеше ай бұрын құрғақ түйе сүт өнімдерін өңдейтін зауытқа белгісіз тұлғалар Түркістан облысы Экология Департаментінен тексеру тағайындалғанын айтып, тексеріс жұмыстарын жүргізбек болған.

Алайда, өрескел құқық бұзушылықтармен тағайындалған тексеріске күдіктенген ЖШС басшылығы келісімшартқа отырған "Protecting Business and Investments" жобалық кеңсесімен байланысып, жедел тексеру тағайындаған мемлекеттік органға хабарласқан.

Нәтижесінде, ақпараттық талдау жұмыстары жүргізіліп, аталған тексеру Департамент тарапынан тағайындалмағаны және тексеру жұмысын жүргізуге келген азаматтар алаяқтар екені анықталды.

Осындай оқиға, Келісімшартқа қол қойған "Джон Бан Металл Пром" ЖШС-інде орын алған. Бұл мекеме жұмысына көші-қон полиция тарапынан тексеріс жұмыстары жүргізілгендігі және заңды түрде республика аумағында жүрген шетел азаматтарының құжаттарын алып кеткені туралы ақпаратты ЖШС қызметкерлері жобалық кеңсеге жеткізді. Аталмыш кеңсенің араласуымен тез арада заңсыз алынған құжаттар иелеріне қайтарылды.

Жоғарыда аталғандай, уақыт күттірмейтін құқық және заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында жобалық кеңсе облысымыздағы барлық бизнес субъектілерін біріге жұмыс істеуге шақырады.

Аталған жоба келісім шартқа қол қойған кәсіпкерлерге Қазақстан аумағында аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат сыбайлас жемқорлық деректерінен 100% қорғауға кепілдік береді.

Өз кезегінде кәсіпкерлерден тек әділ, әрі ашық жолмен өз бизнестерін жүргізу сұралады.

Естеріңізге салсақ, Түркістан облысы құрылған сәттен бастап, жалпы соммасы 405 млрд теңге болатын 15 ірі инвестормен келісім шартқа қол қойылған.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: