Шығыста 70 млн теңге "жеген" екі басқарма басшысы сотталды
Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін күдікті болған облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы А. Арсламбаевқа және "ШҚО тұрғын үй-пайдалану басқармасы" ЖШС директоры А.Ж. Әубәкіроваға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олар "ШҚО Өскемен қаласының Самар тас жолы бойынша "Өркен-ЖМК" индустриялық аймағына инфрақұрылым құрылысы", "ШҚО Ұлан ауданы Украинка ауылындағы су құбыры мен су тарту желілері құрылысы", "ШҚО Ұлан ауданы Сағыр ауылындағы сумен жабдықтау желілерінің құрылысы" нысандары бойынша жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге бөлінген 70,1 млн теңге сомаға орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою арқылы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.
Ағымдағы жылдың 9 қазанында Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен аталған тұлғалар:
- А. Арсламбаевтың жоғарыда көрсетілген қылмыстардың барлық құрамы бойынша мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығы шектеуге;
- А.Ж.Әубәкірова – аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ұрлағаны, қызмет өкілеттігін теріс пайдаланғаны және қызметтік жалғандық жасағаны үшін мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жыл 7 айға бас бостандығынан айыруға сотталды (баласы он төрт жасқа толғанға дейін кейінге қалдыра отырып).