Жаңалықтар тізбегі
0

Атасы қорлай берген соң 18 жастағы келін асылып өлді

imgclf.112.ua imgclf.112.ua
Келінін өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген тәжік бес жылға сотталды.

Тәжікстанда Жайхун ауданы Зарнисор қышлағының 64 жастағы тұрғыны Эмом Забиров 18 жастағы келінін өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүрлегені үшін 5 жыл 2 айға сотталды.

Забиров жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. деп жазады centralasian.org.

Жайхун ауданының прокуроры Шохрух Раджабзоданың хабарлауынша, айыптаушы соттан күдіктіге 8 жыл сұраған. Эмом Забировқа "өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Забиров биыл маусым айында ұсталды. Гүлбахор Фаромарзова биыл 15 сәуірде өз үйінің сарайында асылып қалған. Гүлбахордың күйеуінің туыстары оның психикасы бұзылғанын, сол себепті өз-өзіне қол жұмсағанын айтқан. Бірақ марқұмның ата-анасы қызының дені сау екенін, оны сот-медициналық сараптама дәлелдегенін алға тартты.

Тергеу органдары Забиров келінін үнемі кемсітіп, күн көрсетпегенін, жас қыз соның кесірінен асылып өлгенін анықтады.

Гүлбахор Фаромарзова 2018 жылы Раджабали Забировқа тұрмысқа шықты. Жарты жылдан соң оның күйеуі Ресейге жұмысқа кетті, ал қыз оның ата-анасының үйінде қалды.

Гүлбахордың туысы Эмомали Фаромарзовтың айтуынша, жас келін атасының мінезіне үнемі шағымданған, бірақ туыстары оған шыдау керектігін айтқан. "Үкімді жарты жылдай күттік. Сот үкіміне көңіліміз толды. Басқаларға сабақ болсын, келіндерін бұлай қорламасын", - деді ол.

Ал сотталушының бауыры Ахком Забиров ағасына жала жапты деп есептеп, сот үкіміне шағымдануды көздеп отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: