Сәтпаев әкімдігіндегі бөлім басшысының парамен ұсталған видеосы

Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара алды деген күдікпен Сәтбаев қаласы әкімдігінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Келіншек өзінің қылмыстық ойынан хабарсыз болған ұлы арқылы "Хлебстрой" ЖШС-ның Қарағанды филиалының директорынан жалпы көрсеткен көмегі және "Өңірлерді дамыту – 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында қалада жарықтандыру тетіктерін орнату бойынша орындалған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қойып, қалған 4 млн теңге сомасын ЖШС-ға аударғаны үшін 1 млн 200 мың теңге сомасында пара алды деп күдікке ілініп отыр.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.