Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында еңбек заңнамасы жіті қадағалауда

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2019 00:31 Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі
Арыздардың негізінде мекемелер мен кәсіпорындарда барлығы 285 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 343 заң бұзушылық анықталды, оның ішінде еңбек қатынастары туралы – 304, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 32, халықты жұмыспен қамту – 7 .

Ағымдағы жылдың 9 айында 817 азаматтың арыз-шағымдары мен мекемелердің хаттары қаралып, олардың барлығына заңмен белгіленген мерзімде жауап берілді, - деп хабарлайды Zakon.kz Түркістан аймақтық байланыс қызметіне сілтеме жасап.

Арыз-шағымдардың 36% - жалақы төлеу мерзімінің сақталмауына байланысты болса, 26% - еңбек шартын бұзу, 14% - еңбек демалысын уақытылы бермеу және 5% - жұмыс уақыты нормасын бұзу мәселесін көтерген. Бүгін бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы Алмасбек Мамытбеков мәлімдеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2019 00:31

- Арыздардың негізінде мекемелер мен кәсіпорындарда барлығы 285 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 343 заң бұзушылық анықталды, оның ішінде еңбек қатынастары туралы – 304, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 32, халықты жұмыспен қамту – 7 . Анықталған бұзушылықтардың ішінде 283-і жойылып, заңға сәйкестендірілді, қалғандарының орындау мерзімі бар. Анықталған бұзушылықтардың негізінде 177 нұсқама беріліп, еңбек заңнамасының бұзылуы бойынша 5 668 625 теңге көлемінде 62 айыппұл салынды. Салынған айыппұлдардың 2 663 875 теңге көлемінде 54-і өндірілді. Қалған 8 айыппұлдың мерзімі бар, - деді Алмасбек Кеңесбекұлы.

2019 жылдың 9 айында облыста 10 кәсіпорынның 840 жұмыскер алдында 178 551 570 теңге жалақы қарызы анықталған, жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 132 429 332 теңге жалақы қарыздары төленіп, 807 жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2019 00:31

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: