Жаңалықтар тізбегі
0

Қала сыртына шығарылмақ букмекелерлік кеңсе қожайындары үре түрегелді

Ашық дерекөздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2019 16:00 Ашық дерекөздерден алынды
Бәс тігетін кеңселердің қожайындары жобадағы 7 өзгерістің біреуін мүлдем қолдамайды.

Еліміздегі букмекерлік кеңселер казиноға теңестіріледі. Мұндай бастаманы Үкімет көтеріп отыр. Жыл соңына дейін "Ойын бизнесі" туралы заңға тиісті өзгерістер енгізілмек, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Алайда букмекерлердің Үкіметке базынасы бар. Бәс тігумен айналысатындардың пікірінше, аталмыш бастама оларды қыруар шығынға батырады. Былтыр еліміздегі букмекерлік кеңселер қазынаға 16 миллиард теңге салық төлеген. Қазір "Ойын бизнесі" туралы заң Мәжіліс қабырғасында талқылануда.

Бәс тігетін кеңселердің қожайындары жобадағы 7 өзгерістің біреуін мүлдем қолдамайды. Басты уәжі – олардың табысы казиномен салыстыруға мүлдем келмейді. Себебі, адамдар спорт жарыстарында ғана қалтасынан ақша шығарып бәс тігеді. Букмекерлік кеңселерді казино тәрізді Бурабай, не Қапшағай секілді оқшау аумаққа көшірсе, біраз адам жұмыссыз қалуы мүмкін. "Биылдан бастап букмекерлерге салынатын қосалқы салық қалтамызға ауыр. Ойын бизнесін реттеуге мемлекет көмектессе", - дейді.

Арай Сағынтай, букмекерлік кеңсенің салық жөніндегі менеджері:

- 2019 жылдан бастап салынған құн салығы басқа мемлекеттерде қарастырылмаған практика. Себебі, ОЭСР мемлекеттерінде қасымыздағы Беларусь, Ресей мемлекеттерінде қосылған құн салығы ойын бизнестеріне қарастырылмаған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: