Жаңалықтар тізбегі
0

Асқар Мырзахметов: Денсаулық сақтау саласы бойынша жас кадрларды тарту қажет

Жамбыл облысының әкімі баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2019 19:43 Жамбыл облысының әкімі баспасөз қызметі
Жиынды қорытындылаған облыс әкімі басқарма басшысы жылдық қорытынды есепке дейін айтылған кемшіліктерді жойып, медициналық қызмет сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының 9 айында атқарған жұмыстардың есебін тыңдады.

Өңірдегі емханалар мен ауруханалардың бас дәрігерлері, аудан әкімдерінің салалық орынбасарлары қатысқан жиында облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов өңірдегі денсаулық сақтау саласын дамыту мен медициналық емдеу және алдын алу мекемелерінде көрсетілетін қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында атқарылған жұмыстарды баяндады.

Ең әуелі басқарма басшысы ана мен нәресте өлімін төмендету жайына тоқталды. Бұл бағытта облыстық перинаталдық орталық жанынан оқу клиникалық орталығы ашылды. Ағымдағы жылдың 9 айында мұнда 211 маман оқытылды. Сондай-ақ Жамбыл жоғары медициналық колледжінің симмуляциялық орталығында 212 медицина қызметкерінің білімі жетілдірілді. Мұнан өзге перинаталдық орталықтың материалдық техникалық базасын нығайту жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінген.

–Облыстық перинаталдық орталығының базасына 169 миллион 400 мың теңгеге 9 медициналық құрал - жабдық сатып алынды. Перинаталдық скрининг көмегімен туа біткен ақауларды ерте анықтау көрсеткіші 57 пайызға артты. Облыстағы босандыру бөлімдеріне 413 миллион 800 мың теңгеге 18 медициналық құрал-жабдық алынды, –деді басқарма басшысы.

Өз кезегінде облыс әкімі өңірде нәресте өлімінің өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 20 көрсеткішке артқанын атап өтіп, шараналар жиі шетінеп отырған аудандардағы орталық аурухана бас дәрігерлеріне нақты шара қолдануды тапсырды.

Жиында сондай-ақ кадр және өңірге жас мамандарды тарту жайы да сөз болды. Басқарма басшысының айтуынша жыл басынан бері облысқа 126 жас маман келген екен. Облыс тарапынан жұмысқа келген 53 жас маманға тиісті жәрдемақы тағайындалған. Сонымен қатар Жуалы ауданында 4 жас маманға жатақханадан орын берілсе, Жамбыл, Мойынқұм аудандарында 3 жас дәрігер қызметтік пәтерге орналастырылды. Өңір басшысы бұл мәселені реттеуде әлеуметтік қажеттілікті ескере отырып, бірінші кезекте қолдау шараларымен ауданға келген дәрігерлерді қамту керектігін атап өтті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2019 19:43

Басқарма басшысының есебінде денсаулық сақтау саласын цифрландыру, мамандардың біліктілігін арттыру, жалақы, медициналық автокөлікпен және құрал-жабдықтармен дәрілік заттар қамтамасыз ету мәселелері де назардан шет қалмады. Облыс әкімі салалық басқарма басшысын денсаулық сақтау ісін ілгерілетудегі осы секторлардағы бірқатар түйткілдерге баса назар аударуды тапсырды. Атап айтқанда, жоғары технологиялық медициналық жабдықтардың өз деңгейінде жұмыс жасауы, оған жауапты маманның біліктілігі зерделенуі қажет. Сондай-ақ дәрігерлердің жүктемесін азайтуда тұрғындарға емхананы таңдау мүмкіндігін заңнама аясында шектеу мәселелеріне баса назар аударылды. Облыс әкімі сонымен бірге келер жылдан бастап енгізілетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша халық арасында ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізу жұмыстарын қайта пысықтауды тапсырды.

Басқарма басшысының айтуынша түрлі дерек көздері арқылы облыс бойынша ақпараттық түсіндіру жұмысымен 739 284 мың адам қамтылған. Статистикалық мәліметтерге сәйкес облыс бойынша 532 739 жұмыс күші анықталып отыр. Демек бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерін жасайтын нысаналы топ саналады. Облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев өңірдегі кейбір жұмыс берушілер тарапынан міндетті медициналық сақтандыру төлемдердің аударылмау фактісінің көптеп байқалып отыр. Сәйкесінше бұл фактор келер жылы бірқатар азаматтардың лайықты медициналық қызмет алуына кедергі келтіреді. Өз сөзінде Еркебұлан Әбілханұлы бұл мәселені реттеуде мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесе әрекет етуді ұсынды.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі басқарма басшысы жылдық қорытынды есепке дейін айтылған кемшіліктерді жойып, медициналық қызмет сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: