Нұр-Сұлтанда жалған ақша тарап кетті
![zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2019 17:20](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-b348955a-4587-4a5d-bc48-6a2393511849/800x452.webp)
Жалған банкноттар табылған жағдайда 8 (7172) 31-61-45 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Нұр-Сұлтан қаласында 2000, 5000, 10000, 20000 теңгелік номиналдарда жалған банкноттар жасаған бір топ адам ұсталды. Ұсталғандардың жалған ақшалары елорданың азық-түлік дүкендері мен сауда орындарында жұмсалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
- Қазіргі уақытта барлық тұлғалар қамауға алынды, жалған ақша шығаратын құрал-жабдықтар табылып, тәркіленді. ҚР ҚК 213-бабына сәйкес "жалған ақша немесе құнды қағаздарды өндіру, сақтау, тарату немесе сату" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - делінген хабарламада.
2000, 5000, 10000, 20000 теңгелік жалған банкноттарды тапқан жағдайда, тұрғындардан Нұр-Сұлтан қаласындағы Экономикалық тергеулер департаментіне мына мекен-жай бойынша хабарласуды сұрайды: Желтоқсан, 43 немесе сенім телефоны бойынша: 8 (7172) 31-61-45
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript