Жаңалықтар тізбегі
0

Бүгін қазақтарды жеңеміз – "АЗ Алкмаар" капитаны

inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2019 17:40 inbusiness.kz
"АЗ Алкмаар" - "Астана" арасындағы ойын алдында баспасөз мәслихаты өтті.

Голландиялық команданың капитаны Рон Влаар тілшілер сауалына жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

– Өткен апта соңында біз ішкі біріншілікте жеңіліп қалдық. Сондықтан көңіл-күйіміз сәл түсіп тұр. Дегенімен, бұл футбол. Барлығына да көнуге тура келеді. Енді жанкүйерлер алдында келесі матчты жеңуге тырысамыз.

– Команда сапында жас ойыншылар өте көп. Олар қазіргі қысымға шыдап жүр деп ойлайсыз ба?

– Кезінде барлығымыз да осындай жолдан өттік. Жас кезде көбірек ойнап, тезірек шынығып, үлкен футболға сіңісу қажет. Қазір олар аптасына екі реттен жасыл алаңға шығып жүр. Мен капитан ретінде оларға жол сілтеп, ауыртпалықтарға қалай шыдау қажет екенін түсіндіріп жүрмін.

– Сіздің командаңыз өз алаңындағы Еуропа лигасының матчтарын Гаага қаласында өткізеді. Бұл қандай да бір қиындық тудырмай ма?

– Жоқ, бұл қала бізге соншалықты алыс емес. Әрі бұл қала мен үшін жат мекен де емес. Біз мұндағы матчтарды шынын айтқанда өз үйімізде ойнап жатқандай сезінеміз.

– Сіз ертеңгі матчта алаңға шықпай қалуыңыз мүмкін екен ғой?

– Иә, әзірге нақты жауап жоқ. Матч болатын күні белгілі болады. Әзірге нақты ештеңе деп айта алмаймын. Команданың кез-келген ойыншысы менің орныма алаңға шығуға дайын. Біз қазақ командасын жеңеміз.

Ермұхамед Мәулен

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: