Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда Беларусь елшілігінің жаңа ғимараты ашылды

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2019 20:52 Хабар 24
Елордадағы елшіліктің ашылуына Беларусь Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Александр Турчин қатысты.

Бүгін бас қалада Беларусь елінің жаңа кешенді ғимаратының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Zakon.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

"Нұр-Сұлтан қаласында Беларусь елінің кешенді ғимаратының ашылуы - айтулы оқиға және біздің тәуелсіздігіміздің баянды екендігінің белгісі. Елшіліктің ашылуы Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың Қазақстанға сапарына орайластырылып отыр. Беларусь елінің дипломатиялық корпусы 1998 жылы ел астанасына келіп орналасты. Дәл осы ел Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстырып, Астана атауын беру оқиғасын куә болып, Тұңғыш Президенттің идеясын қолдады.

Бүгінде бұл - Нұр-Сұлтан қаласы. Бүгінгі күні елорда заманауи мегополисқа айналып үлгерді. Бас қаланың инфрақұрылымы мен ерекше архитектурасы таң қалдырады. Нұр-Сұлтан қаласында жыл санап түрлі бағыттағы ғимараттар мен маңызы бар нысандардың саны көбейіп келеді. Соның бір дәлелі бүгінгі Беларусь елінің елшілігі. Екі ел арасындағы бауырластыққа құрылған қарым-қатынас дами түсінетініне сенімдімін", – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр елшіліктің ашылу салтанатында.

Елордадағы елшіліктің ашылуына Беларусь Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Александр Турчин қатысты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: