Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан-Беларусь бизнес форумында 75 миллион доллардың келісімдеріне қол қойылды

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2019 22:52 Хабар 24
Қазақстан Беларусьтен машина құрастыру, жеңіл өнеркәсіп салалары бойынша инвестиция күтіп отыр.

Елордада өтіп жатқан Қазақстан-Беларусь бизнес форумында тараптар жалпы сомасы 75 миллион долларға жететін 15 келісімге қол қойды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Бұл құжаттар негізінен фармацевтика, машина құрастыру салалары мен агроөнеркәсіптік кешенге қатысты. Жиынға қатысушылардың арасында іскерлік топтар мен ұлттық компаниялар өкілдері, сондай-ақ үкімет мүшелері бар.

Еске салайық, қазір Қазақстан және Беларусь Республикаларының түрлі салалардағы байланысы 70-тен астам келісіммен реттеледі. Былтыр қос мемлекет арасындағы сауда айналымы 712 миллион долларға жеткен.

Бақытбек Қабжанов, "Kazakh Invest" ҰК елдік менеджері:

- Қазақстан Беларусьтен машина құрастыру, жеңіл өнеркәсіп салалары бойынша инвестиция күтіп отыр. Керісінше, Қазақстан қаржы құюға дайын бірқатар жобалар бар. Олар негізінен агроөнеркәсіптік кешен мен жеңіл өнеркәсіпке қатысты. Биыл және келесі жылы жүк көліктерін құрастыру бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарда бар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: