Тоқаев Нұр-Сұлтан әуежайынан Лукашенконы күтіп алды

belta.by, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2019 00:55 belta.by
Беларусь Республикасының Президенті Қазақстанға ресми сапармен келді.

Александр Лукашенко Қазақстанға ресми сапармен келді. Беларусь Республикасы Президенті мінген ұшақ "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайына қонды, деп хабарлады БЕЛТА.

Ұшақтан түскен Лукашенконы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қарсы алды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2019 00:55

25 қазанда Мемлекет басшылары ресми келіссөздер өткізеді. Олар сауда-саттық әрі экономикалық ынтымақтастыққа баса назар аудара отырып, мемлекетаралық қатынастарды дамыту мәселелерін талқылайды. Президенттер экономиканың түрлі салаларындағы, соның ішінде ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, мұнай-химия кешені және жоғары технологиялық индустрия саласындағы әріптестікті өрістетін өндірістік кооперацияны кеңейту перспективаларын қарастырады. Келіссөздердің қорытындысы бойынша екіжақты бірқатар келісімге қол қойылады деп күтілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: