Жер қатынасындағы жасырын қызметтерді мемлекеттік қызмет тізіміне енгізу ұсынылды
Түркістан қаласының жер қатынастары саласында делдалдар жұмыс істейді. Аталған дерек ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Түркістан қаласының жер қатынастары бөлімінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау барысында анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түркістан қаласының тұрғындары "Мемлекеттік актіні алу үшін әкімдік қаулысы" бойынша жасырын қызмет алу барысында Түркістан қаласының жер қатынастары бөліміне "жер комиссиясының қорытындысы/әкімдік қаулысы қашан дайын болады?" деген сауалды жолдаған халық көп кездеседі.
Тиісінше, жер қатынастары бөліміне жиі келуден шаршаған азаматтар "делдалдар-көмекші"деп аталатын қызметтерге жиі жүгінуде.
Мысалы, әңгімелесу кезінде сыртқы талдау жүргізу барысында "Сенімхат бойынша қызмет көрсететін" 2 азамат әрбір өтініш үшін орташа алғанда 30-35 мың теңге көлемінде сұрайтыны белгілі болды (сол кезде олардың біреуінде 8 "клиент", ал екіншісінде 30 - ға жуық).
Осы жасырын қызмет бойынша жер қатынастары бөліміне келіп түсетін өтініштер санының көптігі мен олардың уақытылы қарастырылмауын ескерсек, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың туындауы үшін барлық жағдайлар жасалғандығын байқауға болады.
Талдау қорытындысы бойынша жер қатынастары бөліміне осы жасырын қызметті мемлекеттік қызметтер тізіміне енгізу мәселесін пысықтау ұсынылды және бұл алдағы уақытта халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін болады.