Лукашенко: Қазақстанмен бірге болашаққа өте үлкен жоспарлар құра аламыз
Ақорда
Біз Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы көрсеткіш межесін миллиардтан асу деңгейіне жетіп қалдық - Беларусь елінің Президенті.
Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко тараптар диалогы кезінде, негізінен, өздерінің экономикалық саланы кеңейтуге баса назар аударып жатқанын, одан басқа Қазақстанмен арада басқа проблемалық мәселелер жоқ екенін қадап айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
- Беларусь-Қазақстан қатынастарының бүгінгі деңгейі біздің елдеріміздің стратегиялық мүдделеріне толық сәйкес келеді. Бұл - болашаққа маңызды жоспар құруға мүмкіндік беретін көптеген жыл бойғы қажырлы еңбектің нәтижесі. Минскіде және Нұр-Сұлтанда барлық деңгейлерде өзара іс-қимылдарға ие оң тәжірибенің арқасында жұмыс істеп жатырмыз, ал сенім дәрежесі көз алдарыңызда – біз кез-келген мәселені ашық талқылаудамыз, - деді Лукашенко Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде.
Оның айтуынша, кең ауқымда ынтымақтасу үшін әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарымыздың ұқсастығы, экономиканың нақты секторын нығайтуға деген өзара ұмтылыс жақсы негіз болуда.
- Сондықтан, бүгінгі таңда біз шағын құрамда экономикалық саладағы диалогты кеңейтуге ерекше назар аудардық, өйткені бізбен арада басқа проблемалық мәселелер жоқ. Халықаралық күн тәртібіндегі негізгі проблемалық мәселелер бойынша да біздің көзқарастарымыз бірдей әрі ұқсас. Қазақстан - біздің басты серіктесіміз, үш жыл ішінде біз тауар айналымымызды екі еседен артық өсірдік. 2018 жылы біз 900 миллиард долларға қол жеткіздік. Біз Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы көрсеткіш межесін миллиардтан асу деңгейіне жетіп қалдық, - деді Беларусь елінің Президенті.
Ол бүгіндері сауда-саттық көрсеткіштерінде Беларусь еліне қарай пайданың ығысуы тұрғысында құбылыс барын, алайда соңғы жылдары Қазақстан импортының қарқыны артып, бүгінде оның 45 процентке жеткенін де атап өтті.
- Біз бұл туралы сөз қозғадық. Егер біз алдағы жылдары да осындай қарқынды байқасақ, біз негізінен сауда балансын теңестіруге қол жеткізе аламыз. Биылғы жылдың 8 айында еліміздегі импорт көлемі 1,5 есеге өсті - бұл бірлескен жұмыстың нақты нәтижелері және біз қазақстандық тараптың тауар айналымындағы көрсеткіштерді теңестіру туралы ұсыныстарын қарауға дайынбыз. Бүгін біз қарапайым саудадан гөрі нақты өнім шығаратын көптеген бірлескен кәсіпорындар құруға көшуге дайынбыз», - деді Лукашенко.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript