Жаңалықтар тізбегі
0

Бердібек Сапарбаев: Түркістан жастары барша Қазақстанға үлгі болуы керек

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2019 01:58 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Кездесуде жастар өздерін толғандыратын мәселелер жөнінде сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

ҚР Президентінің халыққа Жолдауын түсіндіру мақсатында Түркістан облысына келген жұмыс тобы өңірдегі жастармен кездесу өткізді. Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин Жастар жылының аясында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Түркістан қаласындағы Жастар орталығында өткен кездесуде Үкімет басшысының орынбасары жоғары және колледж студенттеріне "Дипломмен ауылға" және "Серпін" бағдарламаларының мүмкіндіктері туралы айтып берді. Бұл туралы Zakon.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

- Бүгінде Түркістан үлкен құрылыс алаңына айналды. Тағы 10 жылдан кейін қала адам танымастай өзгеріп шыға келеді. Бұл қала сіздер үшін салынып жатыр. Сондықтан рухани астананың өкілі ретінде түркістандық жастар бүкіл Қазақстанға үлгі болуы тиіс, – деді Бердібек Сапарбаев.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2019 01:58

Премьер-Министрдің орынбасары сонымен қатар, оңтүстіктегі жастарды солтүстік өңірлерге көшіру мәселелері мен оның тиімді жолдарын атап өтті. Ол жақтағы жастарға біршама жағдайлар жасалып жатқанын жеткізіп, жас мамандарды сонда қоныс аударуға шақырды. Сондай-ақ, келер жылдан бастап волонтерларға әлеуметтік несиелер берілетінін және стипендия көлемі 30 пайызға артатынын жеткізді. Қазақ жастарының білімі мен мәдениетін талапқа сай қалыптастыру жайын да қамтыды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2019 01:58

- Біздің жастар шет тілдерін еркін меңгерген, заман талабына сай білім алған болуы керек. Сонда ол жас әлемнің кез келген елінде жұмыс істей алады. Президент Жолдауда дарынды балаларды қолдаудың Жол картасын әзірлеуді тапсырған болатын. Осыған орай Үкімет "Ел үміті" атты жоба жасап шықты. Жоба аясында келер жылдан бастап Қазақстан бойынша ең дарынды 1 мың бала іріктелініп, мемлекеттің толықтай қамқорлығына алынады. Олардың отансүйгіштік тәрбиесі мен лайықты әрі терең білім алуына жағдай жасалады, – деді вице-премьер.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2019 01:58

Кездесуде жастар өздерін толғандыратын мәселелер жөнінде сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2019 01:58

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: