Қанат Ислам төрт раунд бойына сынған қолымен жұдырықтасқан

Vesti.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2019 16:53 Vesti.kz
Боксшының командасының мәліметінше, жетінші раундтан бастап Исламның оң білегі сынып, бірақ соған қарамастан ойынды жалғастыра берген.

Намибиялық Уолтером Каутондокваны жеңген Қанат Ислам 10 раундтың төртеуін сынық қолымен жалғастырған, - деп хабарлайды Vesti.kz.

26 қазанда Алматыда Балуан Шалуақ атындағы орталық стадионда өткен бокс кеші еліміздегі айтулы оқиғаның бірі болды. Қанат Ислам әділқазылардың бірауыз шешімі бойынша 97-92 (екі рет) және 99-92 есебімен жеңіске жетті. Қанат бесінші раундта намибиялықты нокаутқа түсірген болатын.

Боксшының командасының мәліметінше, жетінші раундтан бастап Исламның оң білегі сынып, бірақ соған қарамастан ойынды жалғастыра берген. Осыған байланысты ол қарсыласына көп соққы бере алмады. Жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшының сынған қолына гипс салынды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2019 16:53

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: