Жаңалықтар тізбегі
0

Салтанат Құсманқызының ісі: 430 мың долларды кім ұрлады?

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2019 15:00 видеодан кадр
"Ақша ұрладың" деген жалаға қалған қыз енді ешнәрсені жасырмай айтуға бел буды.

2015 жылдың 1-3 қаңтарында "компания Ас-Ай ЛТД" және "Минметаллс-Қазақстан" ЖШС директоры Асқар Жакулин мен оның әйелі Чан Вэйдің пәтерінен 430 мың доллар ұрланды. Содан бастап, Салтанат Құсманқызының басы бәлеге қалды. Соттан-сот, тергеуден-тергеу, төрт жылға созылған дау-дамай мен уайым-қайғы жас қызды ауыр науқасқа әкеп соқты. Ертең жоспарлы түрде ауруханаға жатып, инсулинге тәуелді қант диабетінің ауыр түрінен ем қабылдайды. Ертең кезекті сот отырысы да өтуі керек, деп жазады желіде Тоқтар Жақаш.

Салтанат Құсманқызының сөзі мынау:

- Өзім Қытайдан келгенмін. Политехникалық университеттің соңғы курсында диплом жазып жүргенімде курстас бір жігіт "бір компанияға қытай тілінен аудармашы керек" деді. Өзі сонда программист болып орналасыпты. Қытай тілін жетік білетіндіктен әрі Салтанат Құсманқызы ісі: 430 мың долларды кім ұрладыжұмыс қажет болғандықтан қуанып кеттім. "Ас-Ай" және "Минметаллс-Қазақстан" ЖШС қүрылтайшысы Асқар Жакулин аға жақсы кісі екен. Мені өзінің келіншегі Чан Вэйге әрі аудармашы, әрі көмекші етіп қабылдады. Обалы не керек, мен отбасы мүшелерімен тез тіл табыстым. Берген тапсырмаларын бұлжытпай орындап жүрдім. Чан Вэй ханым мен Асқар ағаның маған да көңілі толды. Өз басым әлгі екі компанияда ресми түрде ішкі экономикалық байланыс менеджері болып тіркелдім. Ал шын мәнінде қос компанияның бүкіл "көлеңкедегі бухгалтериясына" қатысты кіріс-шығыс журналы, қожайынның Алматыдағы пәтерлері мен әр облыстан алып қойған жер телімдерінің құжаттары сияқты көптеген дүниелер менің басқаруымда болды... Егер, маған "ақша ұрладың" деп жала жаппаса, мен мұның біреуін де айтпас едім, аға! Өз басымды арашалап алу үшін енді еш нәрсені жасырмай айтуға бел будым! Бақандай 12 жыл бойы Асқар Жакулин мен Чан Вэйдің үйінде қызметші болдым, жұмысында адал серігі болдым. Сол 12 жылда бұл отбасының көлденең жатқан бір сабақ ине жібін де алмаппын! Сөйтсем, "77 миллион 400 мың теңгемізді алдап, ұрлап кетті" деп сотқа сүйреп жүр. Негізінен, олар мені алдап, 9 шығыс ордеріне қол қойдырып алған!

Барлық мәселе – 2014 жылдың жаңа жылында туындады. Жакулиндер отбасымен Жапонияға емделуге кеткен. Үйге әдеттегідей, ең сенімді адам - Салтанатты қалдырып кетеді. Чан Вэйдің тапсырмасы бойынша, Салтанат компаниялардың арнайы техника сатқаннан түскен қаржысын жатын бөлмедегі гардеробтағы сейфтің үстінде тұрған қорапқа жинауы керек еді. Салтанат бұл тапсырманы мүлтіксіз орындады. Салтанат ең соңғы рет жиналған ақшаны 2014 жылдың 31 желтоқсанында санап шығады. Тұтастай 430 мың доллар жиналыпты! Сол күні есікті құлыптап, сіңлісімен бірге жаңа жылды тойлауға Алматының сыртындағы туыстарына қыдырып кетіп қалады.

Екі күннен кейін үйге қайтып келсе, қонақ бөлмедегі теледидар қосулы тұр! Тіпті, асықпай отырып, белгісіз біреу үйдің ішінде шылым шегіпті! Салтанат жанұшыра жатын бөлмеге жүгіреді. Гардеробтағы сейфтің үстінде тұрған қораптың қақпағын көтерген күйі жан дауысы шығып, шыңғырып жібереді. 430 мың доллар тұрған қорапта түк қалмаған! Әлдекім сыпырып кеткен екен!

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: