Алтынкөл станциясының бастығы пара алғаны үшін сотталды

Otyrar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2019 17:41 Otyrar.kz
Панфилов аудандық сотының үкімімен Ұнтақбаев бірнеше рет пара алғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінген "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ филиалы Алтынкөл стансасының бастығы Ж.Т.Ұнтақбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол облыстың МКД (мемлекеттік кірістер департаменті) "Алтынкөл" КБ (кеден бекеті)-нің бас маманы Е.М. Төлеевпен және тауар кассасының бастығы А.М. Стамқұловамен алдын ала сөз байласып, "Алтынкөл" КБ арқылы радиациялық фоны жоғары вагондарды кедергісіз өткізгені үшін 4 млн.324 теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

Сонымен қатар, Ұнтақбаев "Алтынкөл" стансасының жүк ауданының бастығы Т.П. Қалдыбаевтың көмек көрсетуімен ірі габаритті вагондарды бергені үшін 1 млн теңгеден астам сома және жұмысқа орналастырғаны үшін азаматтан 100 мың теңге көлемінде пара алған.

25.10.2019 жылы Алматы облысы Панфилов аудандық сотының үкімімен Ұнтақбаев бірнеше рет пара алғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Осы үкіммен Төлеев пен Стамқұлованың әрқайсысы 7 жылға, ал Қалдыбаев-2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Аталған тұлғаларға мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: