Жаңалықтар тізбегі
0

Арыс қаласында қала күні тойланды

Түркістан облысы әкімінің  баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2019 18:24 Түркістан облысы әкімінің  баспасөз қызметі
Арыс аспанын әнге бөлеген мереке одан әрі концерттік бағдарламаға ұласып, өнер иелері жиналған қауымға ән-биден шашу шашты.

Түркістан облысы Арыс қаласындағы орталық Әл-Фараби алаңында қала күні тойланды.

Меркелік іс-шараға жергілікті билік өкілдері мен тұрғындар және арнайы келген қонақтар қатысты. Бұл күні жарылыстан кейін қаланы қайта қалпына келтіруге үлес қосқан азаматтарға, ерен еңбектің үлгісін көрсеткен дала еңбеккерлеріне "Еңбек даңқы" төсбелгілері табысталды. "Алғыс хат" пен "Құрмет грамотасымен" марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етті. Арыс аспанын әнге бөлеген мереке одан әрі концерттік бағдарламаға ұласып, өнер иелері жиналған қауымға ән-биден шашу шашты.

Сондай-ақ Арыс қаласында дәстүрге айналған "Алтын күз – 2019" жәрмеңкесі өтті. І-Арыс теміржол вокзалы алдындағы алаңшада шаруалардың өндірген өнімдері арзан бағада халыққа ұсынылып, көрме ұйымдастырылды.

"Алтын күз – 2019" жәрмеңкесіне Ақдала, Байырқұм, Жиделі, Дермене, Монтайтас, Қожатоғай ауылдық округтерінен келген шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер өздерінің өндірген өнімдерін халыққа базар бағасынан 20-30 пайызға төмен бағада ұсынды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2019 18:24, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2019 18:24, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2019 18:24, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2019 18:24

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: