Жаңалықтар тізбегі
0

Ақсу ауданында "банды" атанған батырға ескерткіш орнатылды

Алматы облыстық ПД, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2019 18:56 Алматы облыстық ПД
Батыр туралы ақпарат тауып берген Полиция департаменті аудан әкімінің алғысын алды

Алматы облысының Ақсу ауданында қазақ тарихындағы "ақтаңдақ жылдар" атанған ХХ ғасырдың басындағы репрессия, ашаршылық және қудалау кезінде еліне қорған болған, олардың аман қалуына септігін тигізген Нұрмұхамбет Жөкейұлына арнап ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өз заманының батыры болған Н.Жөкейұлына қатысты тарихи құжаттардың табылуына септігін тигізген облыстық Полиция департаментінің басшылығына Ақсу ауданының әкімі алғысын білдіріп, хатын жолдады.

Кеңестік идеологияға бойұсынбаған батыр, әрі "құралайды көзге атқан" мерген баба "банды" атанып, жарты ғасырдан астам уақыт іздеусіз қалған. Құжаттардың мұрағатқа өтуі себебінен нәтижелі ақпарат табылмаған.

Алматы облысы Полиция департаментінің репрессия құрбаны болған жерлестерімізге қатысты құжаттарды зерделеу және ұрпақтарына тауып беру мүмкіндігі туралы бұған дейін хабарлағанбыз. "Банды" атанған батырдың ұрпағы Ақсу ауданының тұрғыны Сейдахмет Ақашев тарихи ақиқатты орнату мақсатында облыстық полицейлерге өтінішін білдірген.

Ақпаратқа сәйкес Нұрмұхамбет Жөкейұлы 300 түтін ауылды аман-есен тау асырып, Қытай жеріне көшірген. Олар өсіп-өніп, тәуелсіз елімізге 1000 астам шаңырақ болып оралған. Жолдағы қиындықтарды жеңіп, шашау шығармай елін аман алып қалу үлкен ерлік екені сөзсіз.

"Үш жылға созылған кеңауқымды іздестіру жұмыстары нәтиже бермей, биыл маусымда ғана батырға қатысты құжаттар Алматы қаласы Полиция департаментінің мұрағатынан табылды. Батырдың тегі "Джакеев" деп жазылғандықтан, іздеу ұзаққа созылды. Ұрпағы аталары туралы ақиқатпен қауышқанына қуаныштымыз. Репрессия құрбаны болған туыстары туралы ақпарат білгісі келген облыс тұрғындары Алматы облысының полициясына сұрау жолдаса болады", - деп толықтырды облыстық ПД Ақпараттық-аналитикалық орталығы бастығының орынбасары Жанар Тұрғанбекова.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2019 18:56

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2019 18:56

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: