Жаңалықтар тізбегі
0

Арын Орсариев "Ғылым қоры" АҚ Басқармасының төрағасы болып тағайындалды

ҚР БҒМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2019 22:52 ҚР БҒМ
Ол алдында Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы болған.

Арын Орсариев "Ғылым қоры" АҚ Басқармасының төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Соңғы кездері Ғылым қорының басы дау-дамайдан арыла алмай келетінін жақсы білесіздер. Бірақ ары қарай бұлай болмайды. Қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігі кадрлық өзгерістер жасап, нәтижесінде бұл қор басқармасының құрамы, Директорлар кеңесінің құрамы толығымен жаңартылды, сондай-ақ қордың функцияларына да өзгерістер енуде. Басқарманың жаңа төрағасы Арын Орсариев болды, ол осы уақытқа дейін Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы болған.

Арынның жеке өзіне келетін болсақ, мен оған сенемін. Қазір Арынның алдында біртіндеп шешілуі тиіс қордаланғанмәселелер тұр, мемлекеттік емес бағыттан қаржы тарту міндеті де бар. Оған оның жаңа орынбасарлары - Ахан Жәрменов (құқықтық мәселелер бойынша) және Арман Қашқынбеков (қаражат жинау және т.б. үшін) көмектеседі. Бастысы, кадрлық өзгеріс болды, енді істегі өзгерісті күтеміз! Құдай қаласа, 3-6 айдың ішінде қорға деген көзқарасымыз өзгеріп, алдағы 2-3 жылда қоғам үшін пайдалы қолданбалы ғылыми идеяларды белсенді қаржыландыруға қол жеткізе алатын шығармыз деп үміттеніп отырмын.

Басқарманың барлық құрамы мен директорлар кеңесі қабылдаған шешімдерін жария әрі ашық жүргізуге келісті! - деп атап өтті Facebook-тегі парақшасында экономист Олжас Құдайбергенов.

Орсариев Арын Амангелдіұлы 1976 жылы 20 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетін (1993-1998 жылдар) бітірген. Ол халықаралық қатынастар маманы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: