Жаңалықтар тізбегі
0

Мас жүргізушілердің мәшинесін тәркілеу ұсынылды

stv24.tv stv24.tv
Елде жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан көлік жүргізуге қатысты көптеген фактілер бар.

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алкогольді ішімдіктердің кез-келген түрін ішкен күйінде көлік жүргізгені үшін, сондай-ақ мал ұрлығы үшін берілетін жазаны қатаңдату қажет деп, заңға өзгертулер енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соған байланысты ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мас күйінде көлік жүргізгендердің жазасын қалай күшейткелі отырғанын айтты.

- Мемлекет басшысының тапсырмасын, заңдағы кей олқылықтарды ескере отырып, біз осы баптарға қатысты жазаны күшейту мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Жалпы, елде жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан көлікті жүргізуге қатысты көптеген фактілер бар, - деді ол.

Оның айтуынша, Ресей мен Беларусьтің заңдары зерттелуде.

- Беларусь заңнамасында тіпті белгілі бір құқық бұзушылықтардан кейін көлік құралын тәркілеу қарастырылған. Біз де осы жолды таңдаймыз. Бірінші кезекте жүргізуші куәлігінен айырылса да көлік құралын жүргізіп, ереже бұзғаны үшін, мас күйінде басқару және тағы басқа баптарға қатысты, - деп атап өтті ол.

Қожаев барлық ұсыныстар талқыланатынын айтты.

- Біз барлық ұсыныстарды қарастырып жатырмыз, бәрі жұмыс топтарында талқыланады. Депутаттардың бастамалары да бар, олар да мұқият талданып, жаза деңгейі құқық бұзушылықтың ауырлығына сәйкес, - деп сендірді министрдің орынбасары.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: