Үкімет басшысы ресми сапармен Нидерландыға барады

Бұл - Қазақстан Үкіметі басшысының Нидерландыға екіжақты қарым-қатынас тарихындағы алғашқы сапары.
30 қазанда Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин ресми сапармен Нидерланды Корольдігіне барады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл Қазақстан Үкіметі басшысының Нидерландыға екіжақты қарым-қатынас тарихындағы алғашқы сапары болады, онда Нидерланды Корольдігінің Премьер-Министрі Марк Рюттемен кездесу өтеді. Келіссөздер барысында тараптар екіжақты инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық перспективаларын талқылайды.
ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстан-Голландия бизнес-форумына қатысып, Shell, BITFURY, SUEZ GROUP, Farm Frites, Dutch Fruit Solutions Kazakhstan компанияларымен келіссөздер өткізеді және бірқатар инновациялық нысандарды аралайды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript