АҚШ-тағы бейсбол матчында екі жас қыз жалаңаш төсін жарқ еткізді
Екі жанкүйер қыз Бас бейсбол лигасы (MLB) ақтық сериясы аясындағы "Хьюстон Астрос" пен "Вашингтон Нэшионалс" арасындағы матч кезінде төсін көрсетіп, сол үшін жазаланды, деп хабарлайды lenta.ru.
Ұят видео Adios Andrew-дің Twitter-інде пайда болды.
We love sports lmaooo #WorldSeries #Game5 pic.twitter.com/RvVCklQgqj
— Adios Andrew (@Andrew_McSpanky) October 28, 2019
Ойыншылардың бірі доп лақтыратын сәтте қыздар мәйкісін көтеріп, төсін ашып тұрды. Мұны байқап қалған спортшының өзі ұялып кетіп, добын лақтыра алмады. Ақыр соңы екі қыз жазаланды: олардың MLB аясындағы барлық жарыстарға баруына өмір-бақи тыйым салынды.
Ал төрт жеңіске дейінгі серияда 3:2 есебімен "Хьюстон" алда келеді. Командалар арасындағы келесі матч 29 қазанда өтеді.
Айта кетсек, 14 қазанда Ұлттық хоккей лигасында (NHL) "Нью-Джерси Дэвилс" пен "Бостон Брюинс" арасындағы ойында тым сексуалды би билеген тағы бір қыз жанкүйерлердің ашуын туғызған болатын.