Қаскелең мен Талғарға Алматыдан электр пойызы жүретін болады

Жаңа жылдан бастап Қапшағай бағытына да пойыз бағыты ашылады.
Қаскелең мен Талғарға Алматыдан электр пойызы жүретін болады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Алматы қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Адамдар мен автокөліктің күн сайынғы ары-бері қозғалысынан туындайтын салмақты азайту мақсатында сала сыртына қатынайтын қоғамдық көлікті дамыту қажет. Біздің тарапымыздан қажетті шаралар қабылдануда. "Алматы – Ұзынағаш" бағыты бойынша қатынайтын пойыз рейстерінің санын арттырдық. Жаңа жылдан бастап Қапшағай бағытына да пойыз бағытын ашамыз", – деді Бақытжан Сағынтаев.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript