Сотталмай қойған Мәнізоров жұмысқа оралды

time.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2019 19:02 time.kz
Ол өзінің лауазымы аясында функционалдық міндеттерін орындауда.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров жұмысқа оралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі Мәнізоров 30 қазанда жұмысқа шыққанын атап өтті.

– Ол жұмысқа шықты және өзінің лауазымы аясында функционалдық міндеттерін орындауда, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Әкімдіктің баспасөз қызметі бұған дейін Мәнізоровтың Алматы облысы әкімінің орынбасары ретінде атқарған жұмыстары облыс басшылығы тарапынан жоғары бағаланғанын хабарлаған.

– Ол өзін жоғары деңгейлі маман, өз саласының білікті қызметкері ретінде көрсетті, жұмыстан шығам десе, шешімді өзі қабылдайды, - деп қосты әкімдік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: