Түркістан: Түлкібаста жастар жылында "жастар аллеясы" ашылды

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2019 22:53 Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі
"Тұңғыш Президент" саябағында бүгінгі күнде "Жастар аллеясының" құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

Түлкібас ауданында Тұңғыш Президент саябағындағы "Жастар аллеясының" ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл бастама ағымдағы жылдың ақпан айында жастар жылына орай аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен өткен "Жастар жалыны" атты форумда ауданның белсенді жастары тарапынан ұсыныс ретінде айтылған болатын.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2019 22:53

Бүгінгі таңда өңір жастарының көтерген мәселесі назардан тыс қалмай, аудан әкімі Н.Тұрашбековтың бастамасымен іске асып отыр. "Тұңғыш Президент" саябағында бүгінгі күнде "Жастар аллеясының" құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2019 22:53

Аллеяның ашылу салтанатына аудан әкімі Н.Тұрашбеков, Абайтанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор – М.Мырзахметов Түркістан облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов бастаған облысымыздың әр ауданынан келген зиялы қауым өкілдері қатысты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2019 22:53

Сонымен қатар, салтанатты шара барысында келген қонақтар отау құрған жас отбасыларға неке куәліктерін тапсыру рәсімінің куәсі болып, аллея аумағына ағаш көшеттерін отырғызды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2019 22:53, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2019 22:53

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: