Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында бірқатар лауазымды тұлғалар жемқорлық үшін сотталды

zakon.kz zakon.kz
Бастыбаев 5 жылға, Ағдавлетов 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі алаяқтық жасады деген күдік бойынша Ақмола облысының Экономикалық тергеу қызметінің тергеушісі, 5-санатты біліктілік сыныбы (аға лейтенант) К.Е. Көбегеневке, 82796 ә/б 2-ші ауыр-гаубица артиллериясы дивизионының командирі майор Р.Х. Бастыбаевқа және азамат Б.К. Ағдавлетовке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар осы әскери бөлімнің 8-ші ауыр-гаубица артиллериясы батареясының командирі капитан Б. Мұратұлынан бұрын келісілген 9 млн 106 мың теңгенің 1 млн 700 мың теңгесін алаяқтық жолмен, соңғысына қатысты тергелетін қылмыстық іс бойынша мәселені оң шешуге жәрдем көрсету желеуімен алған деген күдікке ілінген болатын.

Бұл ретте азамат Ағдавлетовтың қылмыстық іс-әрекеттері оның өз бетінше билік өкілі (прокуратура органдарының қызметкері) атын жамылуымен ұштасқан.

Ағымдағы жылдың 30 қазанында Алматы гарнизоны әскери сотының үкімімен Көбегенов 7 жылға бас бостандығынан және біліктілік сыныбынан айырылды.

Осы үкіммен Бастыбаев "майор" әскери атағынан айырып, оны 5 жылға бас бостандығын шектеді және Ағдавлетовке 4,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Аталған тұлғалар мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз