Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан: "Адалдық елшілері" жобасының ерікті жастарымен ашық кездесу өтті

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2019 23:13 zakon.kz
Кездесудің негізгі мақсаты - қоғамда ашықтық пен әділдікті насихаттаудың үздік жолдарын қарастыру.

Ағымдағы жылдың сәуір айында "Түркістан – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі аясында алғаш рет облысқа қарасты барлық қала, аудандардың ерікті жастарынан "Адалдық елшілері" жобасы құрылған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған орай, бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен адалдық құндылығын қалыптастыруға бағытталған жобаның белсенді жастарымен ашық кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты - қоғамда ашықтық пен әділдікті насихаттаудың үздік жолдарын қарастыру, жобалық кеңсенің жұмысын белгіленген межемен жүргізу мақсатында бірқатар ұсыныс, пікірлер алмасу және аталмыш жоба мүшелеріне жыл соңына дейін қала, аудандарда атқаратын жұмыс жоспарын таныстыру.

Шара барысында "Түркістан – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекші маманы Ақтөре Талғатұлы жобалық кеңсенің жұмыс барысын кеңірек баяндап, тұрмыстық жемқорлықты жоюға бағытталған шаралардың қоғам дертінің алдын алуда айрықша маңызға ие екендігін жеткізді.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықпен қарқынды күрес жүргізу бойынша атқарылатын ауқымды жұмыстарды жіті түсіндіріп, ерікті жастарды біріге жұмыс істеуге шақырды.

Кездесуде ел жастары әлеуметтік індетті жоюға бағытталған креативті ұсыныстарын ортаға салып, азаматтық биік ұстанымдарын айрықша таныта білді.

Шара соңында облысымыздың партиот жастары өзара пікір алмасып, алдағы уақыттағы жұмыстардың өзектілігін талқыға салды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2019 23:13

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2019 23:13

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2019 23:13

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2019 23:13

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: