Жаңалықтар тізбегі
0

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Түркістан облысына келді

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2019 20:43 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
ҚР Министрі Сапархан Кесікбайұлы облыс әкімі Өмірзақ Естайұлымен бірге Мақтаарал ауданына барды.

ҚР Министрі Сапархан Кесікбайұлы облыс әкімі Өмірзақ Естайұлымен бірге Мақтаарал ауданына барды. Ең алдымен олар Мақтаарал ауылдық округі, "Ақ алтын" елді мекеніндегі "АШМ сервис-орталығы" өндірістік кооперативінің мақта терімі науқанымен танысты. Онда биылғы жылы 70 га жерге М-4011 мақта сорттық тұқымын егіп, 25,0 ц/га түсімділікпен өнім алуда. Бүгінгі таңда 43 адамды жұмыспен қамтып отырған өндірістік кооперативі 58 бірлік ауыл шаруашылығы техникаларымен жабдықталған.

Жалпы биылғы жылы облыста 131 мың га мақта егеліп, 340 мың тоннадан астам өнім жинау жоспарлануда. Оның 320 мың тоннасы жиналды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2019 20:43

Мақта шаруашылығындағы негізгі мәселе – "ақ алтынның" бағасы. Бүгінгі таңда Мақтаарал ауданындағы зауыттар мақтаның тоннасына 100 мың теңгеден аванс беріп жатыр. Алайда әлі күнге дейін нақты баға бекітпеген. Министр мен облыс әкімі дәл осы мәселені шешу үшін Атакент кентіндегі "Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС-інде ауданның мақта өңдеу зауыттарының басшылары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу жиынын өткізді. Жиын барысында облыс экономикасының ең маңызды саласының бірі – мақта шаруашылығының өзекті мәселелері талқыланып, облыс әкімдігі тарапынан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министріне тиісті ұсыныстар енгізілді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2019 20:43

Бұл ретте, Сапархан Омаров айтылған ұсыныстарды қолдайтындығын, алдағы уақытта Үкімет деңгейінде көтеріп, оң шешімі табылатындығын айтты. Өз кезегінде, Өмірзақ Шөкеев шитті мақта бағасы алдағы күнде тұрақтайтындығы, шаруалардың сұраныстары бойынша тиімді баға бекітілетінін жеткізді.

Ал, зауыт басшылары мақта бағасын бекіту үшін 3 күн мерзім сұрады.

Сапар соңында министр Сайрам ауданында орналасқан "Dala-fruit.kz" ЖШС-не интенсивті алма бауына және "Нұрым Групп" ЖШС 10 мың басқа арналған мал бордақылау алаңының жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, облыста ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2019 20:43, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2019 20:43, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2019 20:43

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: